Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында полиция суықтан тоңып қалған өзбекстандықтарды құтқарды

Ақтөбеде полиция жолда суықтан тоңып қалған Өзбекстан азаматтарын құтқарды. Олар мінген автобус бұзылып қалған екен.

Сурет: Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметі

Бұл туралы Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

15 желтоқсанда Ырғыз ауылыынң маңындағы Самара-Шымкент жолында Ресей Федерациясынан Өзбекстанға бағыт алған автобус бұзылып қалды. Мұның арты үлкен қайғыға ұласар еді: даладағы ауа температурасы 23 градустан төмен болып, қатты жел соққан. Ал автобуста Ресейден келе жатқан 48 Өзбекстан азаматы болған екен.

Оқиға орнына Ырғыз ПБ Әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторлары келді. Жағдайда бағалаған полиция қызметкерлері ТЖ арнайы техникасын шақыртып, жолаушыларды тас жолда тұрғызылған жылыту пунктіне жөнелтіпті. Ол жерде жолаушылар жылынып, ыстық шай ұсынылған.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда 15 метрлік Қазақстан туын ұстаған жастар қала көшелерін аралады

Ақтөбелік келіншек жедел жәрдемді 3 сағат күтіп, көлікте босанып қала жаздады

Шымкентте хайуанаттар бағы директоры мен филологтар арасында «А» әрпі үшін дау туды

Астанада ірі базардан өрт шықты

Талқылау