Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік келіншек жедел жәрдемді 3 сағат күтіп, көлікте босанып қала жаздады

21 жастағы Ақтөбе тұрғыны жедел жәрдемді 3 сағат күтіп, көлікте босанып қала жаздаған. Бұл уақытта сәби тұншығып, денесі көгеріп кеткен екен.

Сурет: timeskz.kz

Бұл туралы “Актобе Таймс” хабарлайды.

Оқиға 12 желтоқсан күні Ақтөбедегі Жаманқұлов көшесінде орын алған.

«Сағат кешкі 18:00 шамасында жедел жәрдемге қоңырау шалдым. Толғақ басталды… Оларға хабарласу мүмкін емес. Сағат 19:00 шамасында телефон тұтқасын көтеріп, шақыртуды тіркеді. Бірақ келе қоймады. Такси де болған жоқ. Күйеуіммен көшеге шығып, такси тоқтатпақ болдық. Осы уақытта суым кетіп, баланың аяғы шықты. Артымызда тұрған көліктің жүргізушісі айқайлап: «Жылдам отырыңдар!» – деді. Отырдық. Күйеуім маған көмектесе бастады. Баланың қолы, артынын денесі шықты. Осы күйде көлікте отырдық. Ешқайда кете алмадық», – дейді жас ана Ақмарал.

Оның сөзінше, жедел жәрдем сағат 21:45-те келіпті. Яғни дәрігерлерді шамамен 3 сағат күткен.

«Жедел жәрдем келді. Бірақ көмектесе алмады. Дәрігерлер не істерін білмей қалды. Анам келіп, олардан «Қолғап бар ма?» – деп сұрады. Бірақ олар қолдарына қолғап та кимеген», – дейді келіншек.

Оқиғаға куәгер болған әйелдің айтуынша, көз алдында сұмдық жағдай орын алыпты.

«Бала тұншығып барады…  Дәрігерлердің сауаттылығына қайран қалдым. Олар 10 минут бойы баланы алып шығуға тырысты. Бірақ қолдарынан ештеңе келмеді. Оларға: «Уақыт өткізбеңдер. Тез арада таяу маңдағы перзентханаға алып барыңдар. Білмесеңдер, не үшін тырысасыңдар?» – дедім. Алайда олар келіншекті Облыстық перинатальдық орталыққа жібермек болды. Ал өздері кетіп қалмақ. Бала көгеріп кеткен. Қатты суық болды. Көліктің есігі де ашық тұрды», – дейді куәгер.

Ал Ақмарал жедел жәрдем дәрігерлерінің оқиға орнында ештеңе істей алмағанын айтты.

«Соңында дәрігер бізбен бірге көлікке отырып, жүргізуші бізді перинатальдық орталыққа апарды. Жедел жәрдемді сол жерде қалдырып кеттік», – дейді келіншек.

Ақмарал перинатальдық орталықтың дәрігерлеріне дән риза. Олар келіншек пен сәбиге жылдам көмектесіп, босандырып алған. Дүниеге келген қыз бала біраз уақыт жан сақтау бөлімінде жатыпты.

Қазір сәбидің өміріне қауіп төндіретін ештеңе жоқ. Бақытты ата-ана қыздарына Суфия деген есім беріпті. Ақмаралдың сөзінше, ол жедел жәрдем дәрігерлеріне шағымдану жайлы әлі ештеңе шешпепті.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте хайуанаттар бағы директоры мен филологтар арасында «А» әрпі үшін дау туды

Астанада ірі базардан өрт шықты

Ақтөбеде балабақшадағы балалар қолданылған мүшеқаппен бірнеше сағат ойнаған

“Әлібидің ісі” бойынша сотталған Қайрат Жамалиев қоныс колониясына ауыстырылады

Талқылау