Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 12 жасар бала университет сессиясынан сүрінбей өтті

Қазақстандағы жетекші техникалық оқу орындарының бірінде білім алып жатқан 12 жасар Абзал Мырзаш өзінің алғашқы сессиясын сәтті тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлым өзінің семестрін және алғашқы сессиясын өте жақсы тапсырып, қазір қысқы демалысқа шықты»,-деді Абзалдың әкесі Дәуренбек Нысанов.

Дарынды бала өзінің ерекше қабілетінің арқасында мектеп бағдарламасын 7 жылда меңгерген. Ол 12 жасында Қазақстан-британ университетінің студенті атанды.

«Ол барлық тесттер мен курстарды ең жоғары көрсеткішпен тапсырды. Жоғары оқу орнының басшылығының өзі оның жетістіктеріне риза. Университет басшылығы әуелде баланың жасына байланысты, оның жоғары оқу орнында білім ала алатынына біршама күмәнмен қараған болатын. Қазір ұлым демалыс кезінде бізге ағылшын тілін үйретуді мақсат етіп отыр»,-деді Абзалдың анасы Жазира Доскеева.

Абзал Мырзаш жоғары оқу орнын алдағы 2-3 жыл көлемінде аяқтауды жоспарлауда. Мұнан кейін ол АҚШ-тың Масачусетс университетінде білім алмақ.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылы 12 жасар Абзал Мырзаш мектептегі білімін тәмамдап, университет студенті атанған.

Оқи отырыңыз:

Алматыдан 334 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Ақтөбе облысында полиция суықтан тоңып қалған өзбекстандықтарды құтқарды

Ақтауда 15 метрлік Қазақстан туын ұстаған жастар қала көшелерін аралады

Ақтөбелік келіншек жедел жәрдемді 3 сағат күтіп, көлікте босанып қала жаздады

Талқылау