ОҚО-да аудан тұрғындарынан балағат естіген әкім Мәжіліске депутат болып кетті

Бейсенбі, 24 Наурыз , 2016 18:38

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданын басқарып келген Уәлихан Қайназаров “Нұр Отан” партиясы атынан Мәжіліске сайланған 84 депутаттың қатарынан орын алды. Аудан әкімі болып тұрған сәтте ол тұрғындар тарапынан да, журналистер тарапынан да жиі сынға ұшыраған болатын.

97e1c5b87e7ed9a795cde7807aea8724_L

Сынға ұшырайтынындайы да бар. Ол басқаратын Сайрам аудандық әкімдігі 2006 жылдан бері бір жерді бірнеше адамға сатып, әр қайсысына құжаттарын заңдастырып берген. Арты былыққаннан кейін әкімдік әлгі жер телімдерін қайта қайтарып алыпты. Салдарынан жерге таласқан халық бір-бірінің жағасын жыртып, ең соңында әкімнің кетуін Шымкентке келіп талап етті.

Тұрғындардың айтуынша, әкімдіктегілер қарапайым халыққа үлестірген жерін өз туыстары мен бай-бағландарға қайта сатып жіберген көрінеді. Тіпті, кейін тегін де таратып берген дейді олар. Ал, бұл былықты алғаш естігенін айтқан Қайназаровқа сайрамдықтар сенбей, орнынан кетуін талап етті.

Ашынған жұрт әкімнің қызметтен жай ғана кетпей, “табанын жалтыратып”,  істеген былықтары үшін жазасын алсын талап еткен болатын. Алайда, жаза былай тұрсын, “Нұр Отан” партиясының басшылары Қайназаровқа үлкен үміт артып, Мәжілістегі 84 орынның бірін тапсырды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар