Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да 17 жастағы қыз күйеуге шығу үшін өз үйінен қашып кеткен

Оңтүстік Қазақстанда облысында 17 жастағы қыздың ата-анасы полицияға шағым түсірген. Қызды тауып алған кезде оның ата-анасының келісімінсіз жігітімен бірге қашып кеткені белгілі болыпты. Бұл туралы өңірдің ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

1213955

“17 тамызда Сайрам аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне 2000 жылы туған қыздың ата-анасы хабарласып, қыздарын белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін айтыпты. Аталған факті тіркеуге алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 126 бабы “заңсыз бостандығынан айыру” бойынша іс қозғалды. Қыздың қайда екенін анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды”, – делінген ІІД хабарламасында.

Бірнеше күннен соң арнайы топ іздеу барысында қызды Шымкент қаласындағы жігітінің туыстарының үйінен тапқан. Қыздың сөзінше, оны ешкім ұрламаған, ол күйеуге шығу үшін жігітімен өзі қашып кетіпті. Қазір тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысының әкімі жастармен футбол ойнады

Елімізде террорлық әрекетке барғандар ату жазасына кесілуі мүмкін

АҚШ-тан келген Димаштың жанкүйері қазақ тілін үйреніп, салт-дәстүрмен таныспақ ниетте

Семейде жүк көліктерінен құралған ерекше той кортежі жүріп өтті (видео)

Талқылау