Алматы облысының әкімі жастармен футбол ойнады

Сейсенбі, 29 Тамыз , 2017 10:43

Алматы облысының әкімі жастармен футбол ойнады 2003 жылдан бері аталып келе жатқан спорт күні қарсаңында Алматы облысының әкімі Аман­дық Баталов облыстан шық­­­­қан спорт ардагерлері мен са­ла ма­ман­дарын, қазіргі таңда елі­міздің қанжығасына жүлде салып жүрген жетісулық спортшыларды құттықтады.

1503902433_article_b_1500_
Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен жиынды көп­тен басы қосылмаған ардагер спорт­шылардың келелі кездесуі болды деу­ге болады, деп хабарлады Егемен Қазақстан.

Еліміздің бүгінгі спор­тын, ізбасарларының аяқ алысын, жетістіктерін айтысып, алдағы күнге болжам жасап, тілеу тілескен кеш­тің шымылдығы өңір спортының же­тіс­тіктеріне арналған шағын бейнероликпен түрілді. «Жетісу жетістіктері» ата­латын шағын деректі фильм спорт­шы­лардың кәсіби мерекесіне жасалған бір сыйлық деуге болады. Онда соңғы жылдары өңір спортшылары қол жеткіз­ген жүлделер сараланып, аймақ бойынша спорт саласын дамыту үшін атқарылып жатқан істер мен ашылып жатқан нысандар жайынан хабардар болуға болады. Бұл турасында жиын­ның салтанатты ашылуынан кейін сөз алған облыс басшысы да кеңінен тоқ­тал­ды.

Сөзінің басын мереке иелерін құт­­­тық­таудан бастаған әкім облыс бойынша бұқаралық спортты дамытуда­ көп­ істің қолға алынып жатқанын айта келіп: – Президентіміз Нұрсұлтан Назар­баев халық денсаулығының кілті саналатын дене шынықтыру мен спортқа мемлекет үнемі қамқорлық көрсету қажеттігін атап көрсетті. Елбасының сол тапсырмасын орындау мақсатында Алматы облысында спорт және дене шынықтыруды дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып ке­ле­ді. Биылғы жылы жалпы осы сала­ға облыстық бюджеттен 6 млрд тең­ге бөлі­ніп, спорт мектептерінің мате­риал­дық-техникалық базасы нығай­ты­лу­да. Жаңа спорт нысандары салынып, ста­диондар мен спорттық ғимараттар жаң­ғыртылып жатыр. Соның арқасында біздің жас спортшыларымыз бар күш-жігерін жұмсап, түрлі спорттық жарыс­тарда жоғары көрсеткішке қол жеткізіп жүр, – деді.

Спортқа және спортшыларға қолдау білдіру бойынша Алматы облысының әкімдігі алдыңғы қатарда аталатыны сөзсіз. Мәселен, жетісулық 72 талантты спортшыға жалпы сомасы 76 млн теңге көлемінде стипендия тағайындалған. Спортты толық қолдау үшін алдымен ұлттық спорт түрлеріне назар аудар­май болмайды. Бұл тарапта да жетістіктер аз емес. Жүйрік баптаудың өзі – үлкен спорт. Өткен жылы Астанада ұйымдастырылған «Алтын тұлпар» бәйгесінде Жетісу өңірінің жүйрігі топ жар­ғанын, төл өнеріміз қазақ күресінен де олжа салып жүрген жігіттерді мы­салға алып, бұл жақсылықтар алдағы күні жалғаса беруі үшін басшылық тарапынан қолдау жалғаса беретінін сөз қылды.

Сонымен қатар, алдағы уақытта үш ны­сан: Талдықорған қаласында олим­пиадалық стандартқа сай жүзу бассейні, биіктіктен суға секіру және жабық же­ңіл атлетика манежі бой көтеретінін айтты. Рио-де Жанейрода өткен жазғы паралимпиадалық ойындарда күміс медальды жеңіп алған, пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Раушан Қойшыбаева мен Рио олим­пиадасының күміс жүлдегері зілтемірші Карина Горичеваға екі бөлмелі пәтер кілті табысталды. Тайпейде өтіп жатқан спорт додасында жүрген Каринаға бұл сый­лық жігер берері сөзсіз десіп жатты жұрт. Сонымен бірге, Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен облыстық жо­ғары спорт шеберлігі мектебінің ер­кін күрес жаттықтырушысы Аман Бұғыбаев, дзю-до күресінен жат­тықтырушы Тимур Абыханов мара­патталды. «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі Жамбыл ауданы балалар мен жас­өспірімдер мектебінің директоры Бақ­берген Қайыр­лыбаев пен Қарасай ауда­ны балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Валери Ха­циевке тағылды.

Одан бөлек бірнеше спорт ардагерлері мен мамандарға ми­нистр­дің, облыс әкімінің атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды. Жиын соңында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт қай­­раткері Әкешай Жайлаубеков сөз сөй­леп, спортқа үнемі қолдау білдіріп отыр­ған облыс басшысына барлық спорт мамандары мен спортшылардың аты­нан алғыс айтты. Кеш соңы мереке­лік концертпен жалғасты. Спорт мерекесін атап өту бұдан әрі «Жетісу» стадионында жалғасты. Облыстық «Жетісу» футбол клубының негізгі құрам ойыншылары мен жас­өс­пірім тәрбиеленушілері арасында жол­дастық кездесу өтті. Бұл ойынның ерекшелігі – облыс әкімі Амандық Бата­ловтың жасөспірімдер командасы құ­рамында доп тепкені.

Ойын алдында клубтың күрделі жөндеуден өткен жатақханасына бас сұғып, жұмыс сапасын тексерген әкім кездесу басталардан бұрын спортшыларды құттықтап, жас ойыншыларға тілек айтты: «Әлем бойынша миллиондаған адам­дардың сүйікті ойыны саналатын фут­болмен облысымызда 111 мың адам­ның айналысатыны қуантады. Солар­дың ішінде өздеріңіз сияқты жас спорт­шылар да бар. Араларыңыздан бола­шақта жоғары санатты кәсіби фут­бол­шылардың шыға­тынына сенімдімін». Сондай-ақ, өңір басшысы өзімен бір командада доп теуіп, 4:1 есебімен жеңіске жеткен жасөспірімдерге 200 доп сыйға тартты.

Тағы да оқыңыз:

Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімов өмірінің соңғы сәттерінде Құран тыңдаған

Елімізде террорлық әрекетке барғандар ату жазасына кесілуі мүмкін

Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған екі әйелді көлік басып кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
16.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар