Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде террорлық әрекетке барғандар ату жазасына кесілуі мүмкін

Елімізде террорлық әрекетке және өзге де жан түршігерлік қылмыстық іске барғандар ату жазасына кесілуі мүмкін.

photo_187239

Мұндай пікір сот пен прокурорлар арасындағы бас қосуда айтылды. Әйтсе де, аталған заң әйелдер мен кәмелетке толмаған балаларға қатысты емес. Қолданыстағы Конституция бойынша негізі өлім жазасы бар деп көрсетілген. Тек Президент уақытша мараторий жариялап келді, деп хабарлайды Алматы арнасы.

«Қатыгездік жасаған кісі, мәселен, бүкіл отбасын қырып тастаған адам қалай өмір сүреді? Оның өмір сүруге қандай құқысы болады? Алып тастауға болмайды, сондықтан қайтадан кіргізу керек», – деді  Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі  Салахиден Сәбікенов.

Қазақстанда соңғы ату жазасы осыдан 16 жыл бұрын болған еді. Соған дейін аса ауыр қылмыс жасағандардың саны 266 адам еді. Оның 150-і өлім жазасына кесілген.  Ал 2004-2005 жылдар арасында өлім жазасына лайыкты 5 адам қылмыс жасаған.

Тағы да оқыңыз:

Сәбидің мәйітін ауыстырып жіберген оқиғадан соң перзентхананың орынбасары уақытша қызметінен кетті

Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған екі әйелді көлік басып кетті

Семейде жүк көліктерінен құралған ерекше той кортежі жүріп өтті (видео)

Талқылау