Өгей ана туғаныңдай бола ма?

Жұма, 3 Ақпан , 2017 16:18

Соңғы кезде өгей ананың балаларына көрсеткен зорлық-зомбылықтары туралы жиі айтылып жүр. Олар балаларға психологиялық деңгейде ғана әсер етіп қоймай, физикалық күш қолданады. Пышақпен қорқытып, дәретханадан су ішуге мәжбүрлеген жағдайлар да тіркелген. Десе де, бөтен балаларға оң қабақ танытқан қыз-келіншектер жетерлік. Қазақстандық психолог Нұржан Дәуітов өгей ананың психологиясы туралы толығырақ айтып берді.

20170123145618-768x512

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

11 жасар баланы өгей анасының өлтіргені туралы жаңалық жұртты шошытты. Өркен 19 қаңтар күні жоғалып кетеді. Баланың жоғалғаны туралы оның әжесі сол күні кешке полицияға шағым түсірген. Оның өліміне өгей анасы кінәлі деген болжам бар. Ол мұны бұрынғы күйеуі мен енесіне ерегесіп істеген болуы мүмкін. Десе де, әйел өз кінәсін мойындамай отыр. Тергеу жұмыстары барысында келесідегідей фактілер анықталған. Күдіктінің ұлы Өркенді сабақтан шыққанан кейін көлігіне отырғызған. Өркен оны танитын болғандықтан, еш қарсылық танытпаған. Артынша ол баланы Наурызбай ауданындағы саяжайлардың біріне алып барған. Балаға бірнеше жерінен пышақ салынып, тұншықтырып өлтірілген. Кейін іздерін жасыру үшін мәйітті орап, жертөлеге тастаған. Осы орайда, Stan.kz “Өгей ана туғаныңдай бола ма?” деген тақырыпта психолог маманның пікірін білуге тырысты. Алдымен, қазақстандықтардың басынан өткен бірнеше мысал беруді жөн көрді.

Көптеген ерлі-зайыпты отбасындағы кикілжіңді ажырасу арқылы шешеді. Мұны ең дұрыс шешім деп қабылдау қиын. Ол тек екі тарап жаңа отбасын құруға дайын болған кезде ғана оңтайлы болмақ. Соңғы 10 жылдың статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, ер адамдардың 68%-ы, әйелдердің 27%-ы екінші рет отбасын құрады. Көп жағдайда бірінші мен екінші некенің арасы – 5,5 жыл. Осы уақыт ішінде адам өзінің моральдық құндылықтарын ой елегінен өткізеді. Жаңа өмірлік серігін қайта іздеуге кіріседі. Мұндайда баласы бар әйелдер қиналады. Себебі, олар ұл-қыздарын өздеріне артылған жүк ретінде қабылдауы мүмкін. Бұған баланы ата-әжесінің тәрбиесіне беруі дәлел. Ал ер адамның жағдайы бұдан да қиынырақ. Ода балаларын жаңа келіншегімен табыстыру мәселесі тұрады.

Екінші рет отбасын құрған кезде көптеген қиындық баламен тікелей байланысты. Олар отбасының жаңа мүшесін қабылдамай қоюлары мүмкін. Психолог мамандардың айтуынша, ұл баланың өгей әкесіне деген қарым-қатынасы оның жаңа отбасына деген көзқарасын білдіреді. Балаға ата-анасының барлық қарым-қатынасы әсер етеді: олардың бір-бірін сүюі, рухани әлемдерінің ортақ немесе өзгеше болуы, бағыт-бағдарларының бір жаққа қарауы, жыныстық қарым-қатынастарының гармониясы немесе дисгармониясы.

Ата-анасы ажырасқан балалардың өгей анасы мен әкесі, бауырлары болуы мүмкін. Ал әйелмен ер адам өз кезектерінде бұрынғы сүйіктілерінің туысқандарымен, таныстарымен араласуға мәжбүр. Жасөспірімдер өздерінің туған әке-шешелерін өзге адамнан қызғанады. Кейінгілерін үйлеріне “шақырылмаған қонақ” ретінде қабылдайды. “Сен менің әкем емессің!, “Сен менің шешем емессің!” сынды ауыр сөздер айтады. Ал ата-анасы ажырасқан баланың жасы кіші болса, ол жаңа отбасы мүшесін “бұрынғысының” алмастырушысы ретінде қабылдайды.

Соңғы зерттеулерге сүйенсек, өгей ана немесе әке қыз баланы оңай қабылдайды. Қыз бала табиғатынан қамқорлық пен махаббатқа зәру болғандықтан, кез келген адаммен тіл табыса алады. Ал ұлдарда қызғаныш сезімі басым болады. Өгей әке де өзін қабылдамаған ұлмен қарым-қатынасы уақыт өте келе түзелер деп жүре береді.

Отбасы болған ер азаматқа жас қыздың үйленетін кездері болады. Мұндайда ер адам – ата-ананың, әйел адам – балалалардың рөлін сомдайды. Бастапқыда әйел ер азаматтың тәжірибесіне қызығады. Әкесінен алмаған қамқорлықты содан алуға тырысады. Өмір бойы осы екі рөл сақталатын болса, ерлі-зайыптылар арасында кикілжің тумайды. Бірақ әйелдің әлеуметтік дәрежесі өсіп, дүниетанымы тереңдей түссе, ол өз рөлінен бас тартады. Өзін күйеуімен тең көріп, пікірін бөлісе бастайды. Ер азамат мұны өзін сыйламау деп түсінеді.  Ал әйел адам өзінің бастапқы рөлін сомдай беретін болса, ол ер азаматтың балаларына қызғанышпен қарап, оларды жек көріп кетуі мүмкін. Арасында балаларды құрдасындай көріп, тіл табысып алатын жағдайлары да болады.

фпа

2016 жылдың қыркүйек айында Айымгүл Жақпанова есімді келіншек Айтуға оңай бағдарламасынан көмек сұрайды. Осыдан 6 жыл бұрын Өзбекстан азаматы Толипжан Қазановпен азаматтық некеде тұрады. Араларында ұрыс-керіс болып екеуі екі жаққа кетеді. Зорлық-зомбылыққа шыдамаған Айымгүл күйеуін Өзбекстанға жер аудартады. Бірақ ол елге жасырын келіп, әйелін соққыға жығып, екі қызды шекарадан заңсыз алып өтеді. Үлкен қызы Сәбина ол кезде 4 жаста, ал кішісі Сабрина 1 жаста болған екен.

“Екі кәністір бензинді үйге шашып, барлығын өртеп, екі баланы таксиге салып алып кетті. Содан кейін ешнәрсе білмеймін. Қыздарым қазір Өзбекстанның Ташкент қаласында тұрып жатыр екен… Бұрынғы күйеуім күн сайын смс хаттар жазып мені қорқытады. Мен оған жауап та жазбаймын. Қыздарды тек 20 мың доллар берген жағдайда ғана қайтаратынын айтып жатыр. Әбден шаршадым. Оның қандай адам екенін бір Құдай ғана біледі. Кетерде маған пышақ салып, ауруханада 1,5 ай жаттым”, – дейді Айымгүл Жақпанова “Айтуға оңай” бағдарламасында.

Келіншектің жағдайы туралы алғаш журналист Қажымұқан Ғабдолла естіген екен. Ол тіпті көмектесу үшін Ташкент қаласына барған. Әлгі азаматты да тауып сөйлеспек болған. Алайда оның жағдайы тым нашарлап кеткен екен. Ал балаларды қайтарудан бас тартқан. Араға біраз уақыт салып, қыздарды елге қайтару үшін Нұрбол есімді заңгер Өзбекстанға барады. Бұл уақытта Сәбина мен Сәбринаны жергілікті полиция “Кәмелеттік жасқа толмағандарға әлеуметтік көмек көрсету” бөліміне өткізіп қойған-ды. Аталған бөлімде олардың киімдерін алып қойып, тамақ бермей қинаған екен. Алайда Сәбинаның айтуынша, бұл өгей шешелерінің оларға деген қарым-қатынастарының қасында түк емес.

“Анамның есімі – Айымгүл. Танып отырмын. Өзі маған ұқсайды. Ташкентте өгей анамыз болды. Ол жаман адам еді. Тамақтың күйгенін көріп қалса, пышақ көрсетіп ұрсатын. Кішкентайымыз бірнәрсе бүлдіріп қойса да, маған ұрсатын. Екеуімізге қатты бақыратын. Бірақ әкеміз келген кезде оның көзінше өтірік еркелетеді. Жоқ болса, қайтадан ұрса бастайды. Жасым 10-ға келсе де, әлі күнге дейін мектепте оқытпады. Көше балаларымен ойнап өстік. Әкеміз бізге ұрыспайтын, жақсы адам болды. Алайда ол биологиялық анамды жаман жағынан көрсетуге тырысатын еді. “Бір рет белдікпен ұрып, басыңды жарған. Тамақ бермей, көшеге шығармай қинаған. Кішкентайды иттің қасына апарып тастайтын” деп айтты. Бұдан өзге сығандармен бірге тұрған күндеріміз болды. Олар бізді қинап, күнде жұмысқа салатын. Үсті-бастары кір әрі бит”, – дейді 10 жасар Сәбина.

Өгей аналардың балаларына зорлық-зомбылық көрсететін жағдай тек бұл емес. Шетелдік басылымдар бұдан да өткен оқиғалардың болғанын жарыса жазып жатыр. Америкада 65 жастағы әйел өгей қыздарын дәретханадан су ішуге мәжбүрлеген. Мұнымен қатар, 6 апта бойы жуынатын бөлмеге кіргізбей қинап, тоңазытқыштан тамақ алуға тыйым салған екен.

лшог

Алайда өгей аналардың бөтен баланы туғанындай жақсы көріп кететін кездері де болады. Оған 40 жастағы Гүлнәз Иманғалиеваның басынан өткен жағдай дәлел. Бүгінде Гүлнәз ханым бес баланың анасы. Үш бала, бір қызды өзі босанған. Бір жыл бұрын Нұрлыайым есімді қызды жетімдер үйінен асырап алған. Бастапқыда бір-екі күндей сіңісе алмай жүргендерін айтады. Десе де, уақыт өте келе жақынырақ сырласып, Нұрай оларды “ана”, “әке” деп атайтын болған екен. Идея жолдасының тарапынан түскен.

“ Астанада Жанарбай есімді батыр ана бар. Өзінің екі баласының үстінен 11 бала асырап алған. Сол кісі керемет адам, мықты әйел. Өзімен фейсбук арқылы танысып, жақсы қарым-қатынаста болдық. Артынша “Неге біз де бала асырап алмасқа?!” деген ой келді. Жетім балалар туралы неше түрлі фильм көре бастадық. Бір-екі айдай іштей дайындалдық. Шыңғыстан кейін екі ұлымыз бар, кіші қызымыз 5,5 жаста. Бірақ бірінші балаларымыздың пікірін сұрадық. Олар “Бала асырап алайық” деп қатты қуанып кетті. Өзіміз балажанбыз. Қызымыз Алуа ойыншығын бөлісетінін айтты.

Әрине, кішкене сәбиді тәрбиелеу жасөспірімге қарағанда оңайырақ. Қалай мәпелесең, солай өседі. Ал ересектердің жағдайы қиындау. Оның үстіне қоғамға қажет еместігін ойлайды. Бір тағдырға болса да көмектескіміз келді. Отбасылық дәстүрлерімізді де бөліскіміз келді. “Усыновить.кз” деген жақсы сайт бар. Осы сайттың екінші бетінде Нұрайдың суреті жарқ ете қалды. Өзімізге қатты ұқсайтын сары уыз балапан екен. Ғашық болып қалдым десем артық айтпаймын. Арасында тамағымды жасап қойып, қайта-қайта сайтқа қараймын. Басқа біреу алып кетпеді ме екен деп қатты уайымдаймын. Мені аналық сезім алдамады”, – дейді Гүлнәз ханым.

Дәл осы отбасына келгені үшін Нұрай да ерекше қуанып жүр екен. Тіпті, бірінші болып өзі оларға “Сіздерді әке-ана деп атай берейінші” деп ұсыныс жасаған. Гүлнәз ханым осы сәтте сасып қалып, “Әлі ерте емес пе?” деп сұраған.

“Балалар үйіне 4 жасымда келіп түстім. Меркедегі балалар үйі жабылып, бізді Таразға жіберді. Ақпан айында анам Таразға хабарласқан екен. Әлеуметтанушылар келіп, мені жақсы отбасының асырап алғысы келетіндері туралы айтты. Олар наурыз айында келетін болды. Мен “Жақсы, күтемін” дедім. Таныстық, маған ұнады. Анамды бірінші рет көрген кезде, қатты жақсы көрдім”, – дейді Нұрайдың өзі.

Осы орайда, психолог Нұржан Дәуітов өгей ананың психологиясы туралы толығырақ айтып берді. Маманның пікірінше, барлығы әр адамның өзінің қолында. Яғни екі тарап бір-біріне қандай қарым-қатынас танытса, дәл сондай жауап алады.

– Өгей ананың жаңа сүйіктісінің балаларын қабылдамауының себебі неде? Неге олар зорлық-зомбылық көрсетуге ұмтылады?

– Өгей ананың психологиясын түсіну үшін оның қандай отбасында туғанын зерттеуіміз керек. Екі тарап бірін жақсы қабылдаулары мүмкін. Алайда өзара түсінісе алмай, күн сайын жанжалдасатын кездері де бар. Әсіресе, балалар отбасының жаңа мүшесіне әділетсіздік танытады. Кез келген бала 7 жасына дейін анасының, 7-14 жасқа дейін әкесінің, 14-21 жасқа дейін осы екеуінің ішкі айнасына айналады. Яғни ата-ана дұрыс тәрбие берсе, бала өгей анаға оң қабақ танытады немесе өгей ана балаларды туғанындай көреді. Барлығы әр адамның өз қолында. Бала адамның энергиясы мен аурасын жақсы сезеді. Осыны ұмытпайық.

Әйел адам жаңа отбасына барған кезде, өзінің балалық шағының қалай өткенін танытады. Яғни өгей балаларына зорлық-зомбылық көрсететін әйелдер, мұндайды бастарынан кешірген. Осылайша олар әке-шешелерінен ала алмаған өштерін қайтарып жатыр. Расымен де, жасы кіші әйелдің күйеуін оның туған балаларынан қызғанатын кездері болады. Себебі, ол да өзін бала сезінеді. Бірақ “әке мен қызының” арасында қандай ғашықтық сезімі болуы мүмкін? Мұндайда қыз бала әкесінен ала алмаған махаббатты өзінен жасы үлкен күйеуінен алмақ болады. Мұнымен қатар, жас жігітке тұрмысқа шығатын қыз-келіншектер де бар. Олар мұндайда жігіттің анасының рөлін сомдайды.

– Яғни ерлі-зайыптылар отбасын құрмас бұрын өзінің туған ата-анасын кешіруі тиіс қой?

– Көз алдыңызға ағашты елестетіп көріңізші. Егер оның тамыры құрттаған болса, әйеуір бір күні құлайтыны анық. Сол секілді баланың ата-анасымен қарым-қатынасы дұрыс болса, оның болашағы да жарқын болады. Ата-ана ешуақытта баланың көзінше бір-біріне агрессия танытпауы тиіс. Ең бастысы, әр адам өзін жақсы көруі керек. Сол кезде ғана олар өзгеге махаббат сезімін сыйлай алады.


Жіберіп алмаңыз:

Шахтинсктегі опырылып түскен көпқабатты үйдің астынан 9 адамның мәйіті табылды (видео)

Астанадағы эротикалық фотосессияның “бас кейіпкері” табылды

Назарбаев- қаржы министріне: Саған мемлекеттің әмияны тапсырылған, сен оны таратып жатсың

Назарбаев әкімдердің жалқаулығын сынады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Өгей ананың колында турып көр сосын сурағыңа жауап аласың

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар