Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев – қаржы министріне: Саған мемлекеттің әмияны тапсырылған, сен оны таратып жатсың

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрлігіне мемлекет қаржысының мақсатты игерілуін бақылауды күшейтуге тапсырма берді,-деп жазды Қазақпарат.

назарбаев

«Бөлінген қаржыны игеру деген термин бар. Жыл бойында ақшаны алмай келеді де, жылдың аяғында Қаржы министрлігі қаржы игерілмеді деп айтпасын деп, қараша-желтоқсанда қаржыны қайда болса да шашады. Яғни, тек игерілді деген қорытынды алу үшін осындай қадамға барады», – деді мемлекет басшысы ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа қаратып айтқан сөзінде.

Осы орайда президент бұл мәселе қадағалауда болуы тиіс екенін атап өтті.

«Қаржы игерілмеген жерде бұл ақшаны алып, игеруге қауқарлы бағыттарға жіберу керек. Бюджетті қорғаған кезде әрбір министрлік түрлі бағыттарға қаржы сұрап келеді. Демек, осының барлығы негізсіз талаптар болғанын білдіреді. Оларды қаржыны игеруге мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Келесі жылы осы ведомствоға тиісті сомада қаржыны қысқарту керек», – деп тапсырды  Назарбаев. Бұл тұрғыда елбасы Қаржы министріне мемлекет қаржысын лайықты деңгейде қорғауды жүктеді.

«Оларға әйтеуір ақшаны алса болды. Ал сен бәріне тек таратумен айналысасың. Саған мемлекеттің әмияны, байлығы тапсырылған. Елдің ақшасын қорғап, үнемдеуің керек. Кейіннен қай ақшаның қайда жұмсалғанын айта алатындай болуың қажет»,-дедң президент Сұлтановқа.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев Ақышевқа: Ешкімнен қорықпа, біреу килігетін болса маған айт

Назарбаев- қаржы министріне: Саған мемлекеттің әмияны тапсырылған, сен оны таратып жатсың

Сапарбаев Қытай инвесторларына шүйлікті

Талқылау