Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нью-Йоркте имам өлтірілді

Нью- Йорк мешіттерінің бірінде имам өлтірілді, тағы бір адам жаралы.

pic_c222408f7a130fa8725843938f56ea97

Фото: Richard Vogel / AP

Бұл туралы The New York Post хабарлаған.

Оқыс оқиға 13 тамыз күні тал түсте Озон-Парк ауданында, Либерти авеню  мен 79-шы көшелерінің қиылысында орын алған. «Әл-Фуркан» мешітінде намаздарын оқып, үйлеріне қайтып бара жатқан Имам мен оның танысына мешітке жақын жерде шабуыл жасалған.

Қолда бар мәліметке сүйенсек, қылмыскер құрбандардың бастарынан атқан. Имам оқиға орнында көз жұмса, оның серігі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Кешірек ABC телеарнасы екінші азаматтың да қаза болғанын хабарлады.

Куәгерлердің бірі алдымен екі рет, одан кейін тағы бір рет оқ атылғанын естігенін және қолында тапаншасы бар қылмыскердің жүгіріп бара жатқанын көргенін айтқан.

Қылмыскердің мұндай қадамға не себепті барғандығы әзірге белгісіз. Полицияның мәліметінше, күдікті азамат әзірге қолға түскен жоқ. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары қылмыскерді діни себеппен адам өлтіргенін әзірге дәлелдей алмай отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Руслан Күлекбаевтың теріс ілімді түрмеде «жұқтырғанын» қылмыстық атқару комитеті жоққа шығарды

Атыс: қылмыскермен кездесіп қалған кезде не істеу керек

Орал жағажайында айуандықпен өлтірілген жігіттің туыстары қылмыстың куәгерлерін іздестіруде

Талқылау