Нұржан Керменбаев бейнебаянының тұсауын кесіп, алғаш рет ұлын көрсетті

Дүйсенбі, 15 Тамыз , 2016 13:42

Әнші махаббат тақырыбындағы әнге түсірілген бейнебаянының тұсауын кесіп, алғаш рет ұлын көрсетті.

0000

Фото: instagram.com/nurzhan_kermenbayev/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Әншінің жеткен жетістіктері көбейіп, бақыттың құшағында жүрсе керек. Бірер сағат бұрын жаңа бейнебаянының тұсауын кесіп, жұрттан жасырып келген ұлын көрсетті. Бастапқыда өзінің отбасылы жан екенін меңзеп, бейнебаянда ғашық жігіттің рөлін сомдаудан бас тартқан екен. Артынша режиссердің нұсқауымен  жұмыс істеуге келіскен.

“Бейнебаянда біз шынайы, таза, пәк махаббат туралы айтамыз. Ғашық жандардың арасында пайда болатын мыңдаған сұрақ туралы баяндаймыз. Жүректі қарып өтетіндей туынды боларына сенімдімін. Режиссер басты рөлді сомдағанымды қалап, мені ұзақ уақыт бойы көндірді. Біз актрисаны тауып қойған болатынбыз. Өзім бейнебаянға түскім келген жоқ. Десе де, режиссер мені райымнан қайтарды. Бейнебаяндағы ғашық жігіттің рөлін өзім сомдаймын”, – дейді Нұржан Керменбаев “Гәкку” арнасына берген сұхбатында.

Бейнебаянды аз уақыт ішінде 4 мыңға жуық адам көріп үлгерген. Көпшілік басты рөлдегі бойжеткеннің тартымсыз екенін айтып жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Керменбаевтың анасы: Мен Нұржанды “аппағым” деп атаймын

Исабекова мен Керменбаев жұрттан не жасырып жүр (видео)

Керменбаев тағы ғашық болып қалғанын жасырмады

Нұржан Керменбаевтың кезекті бейнебаянына сіз де түсе аласыз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар