Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұржан Керменбаевтың кезекті бейнебаянына сіз де түсе аласыз

Керменбаев  Баян Есентаева мен Айқын Төлепбергеннің ізін жалғап, ерекше сайыс ұйымдастырды. Алайда жеңімпазға 1000 доллар немесе концертке билет емес, одан өзгеше сый ұсынылады. Ол – халыққа танылу, яғни әншінің кезекті бейнебаянына түсу мүмкіндігі.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сайыс туралы әнші өзінің инстаграмдағы парақшасында “Бейнебаянға түскіңіз келе ме? Өзіңізді теледидардан көруді армандайсыз ба? Ендеше арманыңыз орындалады” деп жазып, шарттарын ұсынған.

Шартына сәйкес, кез келген қатысамын деп ниет білдірген адам әншінің “Бауырым бесті әкел” әнін толық орындап бейнетаспаға түсіріп, жұмысты [email protected] поштасына жолдауы қажет. Барынша қиялыңызға ерік беруіңізге болады, ешқандай шектеу қойылмайды. Бір ғана шектеу – видео міндетті түрде көлденең түсірілуі тиіс.

099

Осы уақытқа дейін Жүсіп есімді қолданушы әншіге “Бесті әкел” әнінің үздік екенін айтып, “Оған бейнебаян түсірсеңіз, қалай болады?” деп ой тастаған-ды. Бұдан өзге оқырмандар аталған әнді орындаған видеосын жіберген болатын. Әншінің мұндай сайысты бастауына осы нәрселер түрткі болған сияқты.

Сайыс аяқталған соң ең үздік деп танылған видеоларды Нұржан Керменбаевтың бейнебаянынан көруге болады. Олай болса, сіз де жұлдыз болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін әншіні анасы қалай еркелететіні туралы жазған болатынбыз.

Талқылау