Керменбаев тағы ғашық болып қалғанын жасырмады

Сейсенбі, 31 Мамыр , 2016 9:40

Нұржан Керменбаев басқа қызға ғашық болды. Әрине, шынайы өмірде емес, тек жаңа бейнебаянның сюжетінде. Әнші махаббат туралы бейнебаян түсіріп жатыр.

image

Бұл туралы “Гәкку” арнасы хабарлайды.

“Бейнебаянда біз шынайы, таза, пәк махаббат туралы айтамыз. Ғашық жандардың арасында пайда болатын мыңдаған сұрақ туралы баяндаймыз. Жүректі қарып өтетіндей туынды боларына сенімдімін”, – деп сендірді Нұржан Керменбаев.

Бастапқыда Нұржан отбасылы жан екенін айтып, ғашық жігіттің рөлін сомдаудан бас тартқан. Десе де, әнші режиссердің өзін жақсылап көндіргенін айтады.

“Режиссер басты рөлді сомдағанымды қалап, мені ұзақ уақыт бойы көндірді. Біз актрисаны тауып қойған болатынбыз. Өзім бейнебаянға түскім келген жоқ. Десе де, режиссер мені райымнан қайтарды. Бейнебаяндағы ғашық жігіттің рөлін өзім сомдаймын”, – дейді Керменбаев.

1464343603c7bpk

Мұнымен қатар, әнші жуырда “Қара бала” атты ән жаздырған екен. Ол қазақ эстардасында бұл лақап атты иемденуге ешкімнің құқығы жоқ екенін айтады.


Жіберіп алмаңыз:

Нұржан Керменбаевтың кезекті бейнебаянына сіз де түсе аласыз

Нұржан Керменбаев ұлды болды

Керменбаевтың анасы: Мен Нұржанды “аппағым” деп атаймын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар