Нұртас Адамбай дүйім жұрттың алдында анасынан ақша ұрлағанын мойындады

Жұма, 30 Маусым , 2017 14:10

Кинорежиссер Нұртас Адамбай анасынан ақша ұрлағанына өкініп жүр. Ол бала кезінде шалалықпен жасаған әрекетін айтып, жұртты таңғалдырды.

18950246_1356950424380564_2852309217455374336_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Бала кезімде анамның әмиянынан ақша ұрладым. Оған түрлі-түсті қарындаш сатып алдым. Осы күнге дейін бұл туралы ешкім білген жоқ. Міне, 35 жасқа келіп, мойындауды жөн көріп отырмын», – деп жазды Нұртас Facebook-тегі парақшасында.

Адамбайдың бұл әңгімесін желідегілер әртүрлі қабылдады. Біреулер кеш болса да, қателігін мойындаған Нұртасты мақтаса, екіншілері оны жазалау керектігін айтып, қалжыңдап жатты.

 

“Ер адамның қанша жаста екені маңызды емес. Қай жаста да еркектің аты – еркек. Өзіңнің арыңның алдындағы шыншылдық – құрметтеуге тұрарлық нәрсе. Рахмет, ағасы! Барлығымыз шыншыл болайық”, – деп жазды Бауыржан Бөкенұлы есімді қолданушы.

“Бала күнде жасаған шалалықтарын елдің бәрі мойындай бермейді”, – деп жалғады Қайыржан Аймағамбетов.

Жіберіп алмаңыз:

 Жаз келісімен шомылу маусымын бастап, шешініп тастаған өнер иелері кімдер? (фото)

Баян Есентаева “Жанар Дұғаловадан да асып түседі” деп жар салған әнші қыз қайда жүр?

Нихан кинодағы сүйіктісі Кемальдің тойына неге келмеді?

Димаштың концертіне 50 елдің басын біріктіретін фан ұйым келген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар