Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың концертіне 50 елдің басын біріктіретін фан ұйым келген

Әншінің өнерін құрметтеп келгендердің санының көп болғаны соншалық, Астана арена стадионында ине шаншыр жер болмады. Яғни кешке 30 мың көрермен әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған. Ең көп билет алғандардың қатарында Қытай, Ресей азаматтары көш бастап тұр.

19436305_437090586675376_1305748591461007360_n

Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

“Отбасымыздың баласы емес, қазақтың баласы деп қарайтын болсақ, қазақ әнін шырқап жүрген әншінің әніне түрлі ел азаматтарының көңіл бөлуі, ден қоюы – үлкен қуаныш. Тек Қытай емес, басқа елдерден фан-ұйымдар құрылып келіп жатыр. Оның ішінде жапониялық, солтүстік және оңтүстік кореялық ұйым, Еуропа мен Американың 50 елін біріктіретін фанаттық топ бар екен. Осы ұйымдардың өкілдері келді”, – дейді Қанат Айтбаев.

Димашқа дейін сахнада KeshYou, Renzo, Бастау, Алау топтары өз өнерлерін көрсетті. Кеш иесі бірінші “Туған ел” әнін шырқады. Шетелден арнайы келген әншілер де халықтың ықыласына бөленіп жатты.

“Керемет концерт өтті. Жеке өзім ерекше қуанып тұрмын. Шәкіртіммен бірге сахнада осы концертке атсалысып, Димаштың шашбауын көтеріп, осындай керемет, біздің қазақтың өнері мен әнін бүкіл әлем көріп отыр. Димаштың арқасында қазақтың қандай талантты екенін бүкіл әлем көріп отыр. Өнеріміздің миллиондаған халықтың көңілінен шығып жатқанына мен өте бақыттымын”, – дейді Майра Мұхамедқызы.


Жіберіп алмаңыз:

“Иванушкидің” экс-солисі Олег Яковлевтің алкогольдан уланғаны белгілі болды

Мақпал Исабекова тез арада балалы болғысы келетінін айтты

Димаштың “Бастау” шоуындағы костюмдері неге қара түсті?

Түркияның ең танымал актері Бурак Озчивит отбасын құрды (фото, видео)

Талқылау