Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева “Жанар Дұғаловадан да асып түседі” деп жар салған әнші қыз қайда жүр?

Осыдан бір жыл бұрын Баян Есентаева өзінің кезекті жобасын халыққа таныстырған еді. Продюсер Жарқынай Ханайым есімді арудың шоу-бизнеске жаңа леп әкелетінін, ал оның вокалдық мүмкіндіктерінің Жанар Дұғаловадан да асып түсетінін айтқан еді. Алайда бүгінде Жарқынай елдің көзінен тасада жүр.

баян максаткызы жаркынай ханайым

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

Былтырғы жылы Баян Мақсатқызының шоу-бизнес өкілдерінің басын қосып, Жарқынайды жақсылап жарнамалағаны ел есінде. Себебі бұл тұсаукесер дүбірлі тойдан кем болмаған еді. Өнерге енді қадам басқан Жарқынайдың ән әлеміндегі болашағы да жарқын боларына көпшілік үміт артты. Әншінің тырнақалды бейнебаяны да түсіріліп, ұстаған бағыты оң болып көрінген.

Алайда өнер иесі одан кейін тыңдармандарын жаңа туындымен қуантпақ түгілі, көзден мүлдем таса болды. Баян Мақсатқызы оның себебін түсіндіріп көрді.

«Жарқынайды бір жыл бұрын елге таныстырған болатынбыз. Ал содан кейін көптеген жағдайларға байланысты әншімен әрі қарай жұмыс жүргізілмеді. Келешекте барлығын қолға аламын деген ойдамын. Жарқынай өте керемет әнші, ал әзірше мен оны еркіне жібердім», – деп мәлімдеді продюсер.

Ал Жарқынай өнердің өзге саласынан өз орнын тапқан секілді. Бүгінде ол әріптестерімен бірге Астана мюзикл театрында тамаша қойылымымен тамсандырды.

Жіберіп алмаңыз:

Нихан кинодағы сүйіктісі Кемальдің тойына неге келмеді?

Түркияның ең танымал актері Бурак Озчивит отбасын құрды (фото, видео)

“Иванушкидің” экс-солисі Олег Яковлевтің алкогольдан уланғаны белгілі болды

Димаштың “Бастау” шоуындағы костюмдері неге қара түсті?

Талқылау