Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай Google мен Facebook-те жұмыс істейтін қазақ жігіттері туралы айтты

Америкада жүрген Нұртас Адамбай басынан өткен кезекті оқиғасын баяндады. Кинорежиссер әлемге әйгілі компанияларда жұмыс істейтін қазақ жігіттері туралы әңгімелеп берді. Адамбай ақылды, ой-өрісті, мемлекетке шынайы пайдасын тигізе алатын жігіттердің шетел асып кеткендеріне күйінді, деп жазады Stan.kz. 

Назарларыңызға Адамбайдың жазбасын толық нұсқада ұсынамыз.

“Бір қарағанда, бұл суретте қарапайым Қазақстанның жігіттері отырғандай. Алайда барлығы сіз ойлағандай оңай емес. Жәнібек Facebook-те жұмыс істейді, ал Жанат “Амазонда” бұлттық технологиялармен айналысады. Амрэ болса құпия копанияда жұмыс істеп жүр. Шалғайда тұратын жерлестерімізбен танысып, әңгімелесудің өзі қызық болды. Біздің қазақтардың осындай ірі компанияларда табысқа жетіп жүргені, шетелде біздің мамандарға деген сұраныстың бар екені көңіл қуантады.

Бірақ ақылды жігіттердің қалауынан тыс өзге елге кетіп жатқаны қынжылтады. Себебі ол елде сенің қай рудан екенің, әкеңнің қандай қызмет атқаратыны, қайдан келгенің, жұмыс «орны» үшін қанша беруге дайын екенің маңызды емес. Ең бастысы, егер еңбектенсең, өсуге мүмкіншілігің бар. Америкада барлығы адалынан: білімің болса, қолыңнан іс келсе, мансап құруға талпынсаң, саған бар мүмкіндікті береді. Бақытжан айқандай, ауылдың қара домалақ баласы Америкаға келіп, жақсы жұмысқа орналасып, отбасын көшіріп әкетті. Қуантарлығы, олар жат елде мәңгілікке қалуды ойлап жүрген жоқ. Себебі Отан – жалғыз.

Күндердің күнінде біздің елімізде де жекелеген «бақытты» жандарға ғана емес, барлық азаматтардың жақсы жұмысқа орналасуына және лайықты өмір сүруіне жағдай жасалады деп сенемін. Бұл азаматтардың да қажетті білім алып, елге оралатынын білемін. Сол уақытта бәріміз бірге ешкім ешқайда кеткісі келмейтіндей мемлекет құрамыз. Бұл азаматтармен таныстырған Google-дық Серік пен Upward-тық Бақытжанға ерекше алғыс.

Жігіттер, сендерге сәттілік, тек биіктерден көрініңдер. Америкада өзін таба алмай жүрген қазақстандықтарға қолғабыс етіңдер. Сендер бүгін айналысып жатқан іс ертеңгі күні баршамызға көмектеседі”, – дейді Нұртас Адамбай.

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат Әбілдина әлеуметтік бағдарламаның тізгінін ұстады

Қос ұстазына өлең арнаған Мейрамбек Бесбаев ақындық қабілетімен таңғалдырды (видео)

Баян Мақсатқызы неліктен бетіне пластикалық ота жасата алмайтынын түсіндірді

Айдарбековтер әулеті жаңа құдаларды сән-салтанатпен қарсы алды (видео)

Талқылау