Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев қанша жыл пәтер кезегінде тұрғанын айтып берді

Мемлекет басшысы жоспарланбаған жұмыс сапары аясында оң жағалауда салынып жатқан вокзал құрылысымен танысып және вокзал маңында тұратын тұрғындармен кездесті.

81da026e-6263-4160-b154-a8fb5c0a1f93

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

“Сарыарқа” ауданының тұрғындарымен кездескен президент олардан қалалық коммуналдық қызметі туралы пікірлерін сұрады.

“Жас маман кезімде мен пәтер алу үшін 10 жыл кезекте тұрдым. Қазір заман басқаша. Күш салмай ештеңеге жете алмайсың. Табысқа жету үшін тынбай еңбек ету керек, түбінде соның жемісін жейсің”, – деді президент.

85f200ac-ee28-4dee-b338-ae60168d3784

Нұрсұлтан Назарбаев қысқы маусынан кейінгі қаланың жақсы жағдайын атап өтіп, бұл реттегі қалалық қызметтердің еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ, елордадағы тазалық пен ыңғайлы тұрмыстың сақталуына көңіл бөлу қажеттілігін де айтты. Мемлеке басшысының назарынан автомобиль жолдары мен қаладағы автотұрақтардың жетіспеушілігі де тыс қалмады.

cf0af371-eb22-4b85-a65c-10373c73b021

“Көлік саны өте көп. Қала басшылығы осы сауалдың шешімін табуы тиіс. Бұл ретте шетелдік тәжірибені де сынап көрсе болады. Сондай-ақ, түрлі ғимараттардың, сауда үйлерінің және дүкендердің иелері өз аумақтарын реттеп, тәртіп енгізуі керек”, – деді Назарбаев.

Алда келе жатқан “ЭКСПО-2017” көрмесінің маңыздылығын атап өткен президент барша қала тұрғындарын халықаралық көрмеге белсене қатысуға шақырды.

Оқи отырыңыз:

Депутаттар Лениннің сүйегін Қазақстанға әкелуді сұрап отыр

“Қорғас ісі” бойынша сотталғандардың түрмеден босатылуын заңгерлердің өзі түсінбей отыр

Қызылордада облыс әкімінің орынбасары сөйлеген кезде артындағы баннерді студенттер тіреп тұрды (фото)

Нақыпбеков: Менің орнымда басқа кісі болса да осылай істер еді

Талқылау