Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Еспанов болашақ келіні жайлы естігенде баласын үйленбеуге көндірген (фото)

Биыл той болмайды! Нұрлан Еспанов ұлының бетін дәл осылай қайтарғанын айтады. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген әнші, жанұясындағы жаңалықтарымен бөлісті. Соңғы уақытта мұрагері Олжас отбасын құруға қамданып жүрген көрінеді. Алайда, Нұрлан мен жұбайы әзірге келін түсіруге дайын емес екендерін ескертіпті.

«Осы жақында ұлымның инстаграмынан көріп қалдым. Орысшалап жазып қойыпты «Скучаю по будущей невесте» деп. Сосын мен үйге келіп сұрадым. Одан кейін айттым, «Айналайын, қоя тұр» деп. Өзі 22 жаста, университеттің 4-ші курсында оқиды. Үйленбей тұра тұр десем, әке сіз өзіңізде 21 жасыңызда үйленіп едіңіз ғой деп қояды маған (күледі) Мен айтамын қоя тұр, қазір ондай заман емес», – дейді Еспанов.

Нұрланның мұндай шешімге келуінің өзіндік себебі де жоқ емес. Осыдан 2 жыл бұрын қызын ұзатқан әнші, той жасаудың оңай емес екендігін түсінген. Сол кезде отандық шоу-бизнестің басын қосқан Еспанов, қалтасының жұқарғанын жасырмайды.

«Той жасау оңай емес екен. Әсіресе, әртістерге той жасау оңай емес. Кейбір адамдар бар сынап қарайды, жаны ашып қарайтындар да бар. Одан кейін БАҚ өкілдері түсіреді, барша жұрт көреді. Тойды жасайтын өзің ғой. Сол себепті қатты қиналасың. Бұрындары білінбейтін еді. Біз өзіміз той жасап көргеннен кейін барлығын байқадық. Сол себепті үйге келін түсетін болса, қыз ұзататын болсаң қатты ойланады екенсің», – дейді әнші.

Еспановтар әулетінде биыл той болмаса да, 2 жылдан кейін рұқсат беретінін айтады. Ал, жұлдызды қайын атаның ұлы мен келініне қояр өзіндік талаптары да бар көрінеді.

«Ұлыма абай бол, тегіне қарап ал деп айтамын. Ең бірінші қыздың өзін көру керек. Анасына қарап қызын ал деп айттым. Менің қатты қояр талаптарым жоқ. Мен айтамын, мына шешең сияқты қыз алып келші деймін. Сол маған жетеді. Бастысы бізді тыңдап, саған жағдай жасасыншы деп айтамын. Бірақ сүйгенін алып келеді ғой. Пешенесіне жазғанын көреді де жалпы», – дейді Нұрлан мырза.

Нұрлан Шымкенттің тумасы болғанымен, аталмыш аймақтың қалыптасқан қағидасы мен санаға сіңіп қалған салт-дәстүріне сай өмір сүрмейтін болып шықты. Заманауи Еспановқа келінінің қай өңірден болғаны маңызды емес.

«Өйткені, мен әнші болғалы, еліміздің барлық аймағында жүремін. Барлық жақта жақсы адамдар бар. «Әр қазақ менің жалғызым», – дейді ғой. Қай жақтан алып келсе де, бастысы екеуі бір-бірін жақсы көріп, қосылса болды маған», – дейді Нұрлан Еспанов.

Айта кетейік, Нұрлан Еспановтың үш қызы мен бір ұлы бар. Сонымен қатар, сазгер мен жұбайы үлкен қызынан бір немере сүйіп отыр.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Жеңісхан: Қазақстандағы той әншілерінің түрі қартайғаны болмаса өнері сол 5 жыл бұрынғы

Айдарбекова: Дауысым жоқ болса да сахнада талай ән айттым, Жұлдызда үйреніп кетеді

Асхат Тарғын: Алғашқы жұбайыммен араласпаймын, бірақ қызым үшін аянып қалмаймын (фото, видео)

Өмірім өзгерді: Жұрт Ақбота Сейітмағамбетті ашық сұхбатынан кейін қолдай бастаған (фото)

Ернар Айдар: Жұбайымды ел алдына шығармаймын, ертіп те жүрмеймін

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр