Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Тарғын: Алғашқы жұбайыммен араласпаймын, бірақ қызым үшін аянып қалмаймын (фото, видео)

Осы жылдың сәуір айында екінші мәрте шаңырақ көтерген Асхат Тарғыновтың отбасылық тарихы талай мәрте талқыға түскен болатын. Әншіні желідегі оқырмандардың бір тобы жас қызға үйленді деп келек қылса, енді бірі таңдаған аруын сынның астына алған еді. 

Сондықтан болар, Асхат сүйіктісін көк жәшіктен көп көрсетуге қарсы әрі жұбайы да қаламайтын көрінеді. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Тарғынов, дүбірлі тойдан кейінгі жанұялық өмірдің қызықтары мен көпшілікке беймәлім құпияларын ашты.

«Негізі келіншегім өзі телеарнаға түсуге қарсы. Өзіңнің жұмысың ғой. Өзің түсе бер. Бүкіл түсірілімнен қашады. Өзім сияқты қарапайым отбасынан шыққан. Мүмкін өнер адамы болмағаннан кейін шығар қашатыны.

Содан кейін ол кісіні мына жерге шық, мына бағдарламаға түс деп сүйрелей бермеймін. Ол өзі де өтініш жасады. Мен әйел ретінде үйде отыра берейін, маған керек емес мынаның әйелімін деп көзге көріне берген», – дейді Асхат.

Айта кетейік, Асхаттың алғашқы некесінен Айым есімді бір қызы бар. Бұрымды бүгінде видео блогер ретінде танымал әрі әке жолы қуып ән салатын өнері де бар.

Алайда, Тарғынов екінші мәрте отағасы атанған сәтте бұл жаңалық тұңғышына оңай соқпаған. Ал, әншінің қызы мен қазіргі жұбайының қарым-қатынасы қалай дерсіз..? Асхаттың айтары бар.

«Шыны керек үйленбей тұрып қызыма айттым үйленетінімді. Келіншегіммен таныстырдым. Қарым-қатынасы жаман емес. Қазіргі келіншегім де қызымды жақсы қарсы алады. Мен жас бала емеспін. Үйленердің алдында барлығын түсіндіріп айттым. Барлығы біледі, келіншегім де қызыммен қарым-қатынасымды жақсы біледі», – дейді Тарғынов.

Асхаттың қызымен арадағы қарым-қатынасына сызат түспегенімен, алғашқы жұбайымен ат құйрығын үзіскенін айтады. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың бет-жүзін көрмегеніне де біраз уақыт өткен. Ал, қызы Айымға қажеттілік туып жатса, әкелік көмегін аямақ емес…

«Алғашқы жұбайыммен араласпаймын. Қызыммен ғана араласамын. Менің әке-шешем қызымен бір ауылда тұрады. Қызым көбіне ата-әжесімен ақылдасып отырады. Қазір 8-ші сыныпта оқиды. Сондықтан, өзі хабарласып, тікелей қоңырау шалып, керегін сұрап, біліп тұрады», – дейді Асхат Тарғынов.

Асхаттың қазіргі жұбайы бүгінде үй шаруасында көрінеді. Әншінің шәйін демдеп, отағасын қолдауда қол қусырып қалмайды. Сондықтан болар, Тарғынов бүгінде тағдырына дән риза.

«Құдайға шүкір, әйтеуір үйде, киімім жуулы, тамағым пісірулі. Күтіп алады, шығарып салады жұмысыма. Сол елдің берген ақ батасымен өсіп, өркендеп жатырмыз», – дейді әнші Асхат. 

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Өмірім өзгерді: Жұрт Ақбота Сейітмағамбетті ашық сұхбатынан кейін қолдай бастаған (фото)

Әлемге әйгілі композитор Димаш Құдайбергенді қонақ етті (видео)

Қайрат Нұртас жары Жұлдызбен бірге ән шырқады (видео)

ҰОС ардагеріне көмектескен Асылхан Төлепов дүйім жұртты тамсандырды

Талқылау