Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрболат Абдуллиннің отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді

Жеке өмірін жұрттан жасырып келген Нұрболат Абдуллиннің отбасылық құпиясы ашылған еді. Таяуда ғана қызы Шахназдың 1 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасаған Нұрболат халықты ғана емес, өнердегі әріптестерін де таңғалдырды. Себебі ел оны бойдақ деп ойлап келген еді, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Нұрболат Абдуллиннің отбасылық суреті көпшілікті сүйсіндірді

Әйткенмен Абдуллин отбасылы болып шықты. Осыдан бірер жыл бұрын шаңырақ көтерген әншінің жары – Гүлфарида есімді ару. Жұптың Шахназ есімді қызы бар.

Өнер иесі қызына арнап той жасағанымен, қуанышты сәттен фото да, видео да желідегі парақшасына жүктеген жоқ. Ал халық Абдуллиннің қуанышы жайлы әріптестерінен білді.

Күні кеше Нұрболат алғаш рет отбасылық суретін жариялап, жұбайын туған күнімен құттықтады.
Желі қолданушылары әншінің жарына “сұлу” деп баға беріп, екі жастың бір жастықта қартаюын тіледі.
“Жұбайыңыз сұлу екен, бақытты болыңыздар”, – деп ақ тілегін білдірді оқырмандар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау