Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрболат Абдуллин ашық сахнасы бар клипін сынағандарға жауап берді

Нұрболат Абдуллиннің “Сен мені тыңда” атты бейнебаяны қазақ тыңдармандарын дүр сілкіндірген еді. Осы уақытқа дейін қазақы қоңыр үнімен елдің көңілін баураған әнші аталған клипте мүлде басқаша образда көрінді. Актрисамен аймаласып, ашық сахналарда бой көрсетті, деп жазады Stan.kz.

Нұрболат Абдуллин ашық сахнасы бар клипін сынағандарға жауап берді

Әріптестері Нұрболатты бұл әрекеті үшін қатаң сынға алған еді. Алайда Абдуллин елдің сөзіне қатысты ләм-мим демеді. Үнсіз қалған әнші бұл жолы өзін сынағандарға жауап берді.

“Қалай ерінге тиісуге болады? Көп қой қазір ерін деген, одан да зоры бар. Шетелдің клиптерін ұялмай-ақ көреді ғой. Шетелдің бейнебаяны біздің шекарамызға, Қазақстанға кірмесе, мен аузымды жабар едім. Бізге кіріп қойды. Ондай ерні дүрдиген клиптерді алғаш рет 10-11 жасымда көрген шығармын”, – деді Нұрболат “Той думан” арнасына берген сұхбатында.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау