Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нобель сыйлығының жаңа иегерлері анықталды

Биыл Нобель сыйлығы химия саласы бойынша швейцарлиялық Жак Дебуши мен америкалық Йоахим Франкқа және Ұлыбритания ғалымы Ричард Хендерсонға табысталатын болды, еп хабарлайды КТК.

Швеция ғылыми  академиясының таңдауы осы адамдарға түсуі бекер емес. Әлемдік беделді сыйлық-үш ғалымға криоэлектронды микроскопияны жасап шығарғаны үшін берілмек. Оның көмегімен молекулалардың құрылымын әлдеқайда анығырақ көруге болады екен.

Тіпті сол арқылы биомолекулардың қозғалысын тоқтатып, онда болып жатқан үдерістерді бақылай алады. Бұндай жағдайға әлем ғалымдары бұрын-соңды қол жеткізбеген. Ғылыми жаңалық фармацевтиканың одан әрі дамуына айтарлықтай ықпал етпек.

Тағы да оқыңыз:

Шымкент мамандары ауыр хәлде жатқан науқасқа дәрігер жіберуге тағы да тапсырыс берген

Жасөспірім достарының көңілін көтеру үшін қаңғыбасты ұрып өлтірді (видео)

Бақтияр Артаев: Головкиннің соңғы жекпе-жегінде тең түскеніне қуанамын

Талқылау