Ninety one тобының 6 ай бойы түсірген фильмдерінің қашан шығатыны белгілі болды

Дүйсенбі, 19 Маусым , 2017 13:08

Жуырда Ninety one тобы тыңдармандарын қуантып, оларға өздері туралы түсірілген фильмдерін ұсынбақ. Топтың 6 айдан бері халық көзінен таса болуына түсірілім жұмыстары себепші болған екен.

17587470_1964676030485331_4346591703386292224_n

Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.

“Осыдан екі күн бұрын біздің фильмнің түсірілімі бітті. Алдағы қыркүйек айында 91 тобының бастарынан өткен шынайы оқиғаларын көре аласыздар”, – дейді ZAQ.

Топ жаңа түсірілген фильмдерінде өздерінің ән айту бағыттарын кеңірек баяндайтын болады. Сонымен қатар, екі жыл ішінде басынан өткен қиындықтарын да көрсетеді. Ninety one тобы фильмдерінде тыңдармандарын да ұмытпаған. Есболат Беделханның келіншегі Асыл ханым топтың тыңдармандарының саны 50 мыңға жеткенін айтып жатыр.

Аталған топты көру үшін Алматыға алыстан ат артып келетіндер де бар екен. Мысалы, Маржан Жантай топтың әрбір әнін жатқа біледі. 18 жастағы бойжеткен бәрінен бұрын топтың қайта сахнаға оралғанына қуанып жүр. Ал жігіттердің киімдерін әзірлейтін жас сәнгер Бота Бақытжан соңғы кезде оларға киім таңдаудың қиынға соғып жатқанын айтып жатыр. Бұған жігіттердің сәнге деген талғамының өскені себепші болуда.

“Басында олармен жұмыс істеген жеңілірек болды. Себебі, олар киімдерді өзара қалай үйлестіру керектігін білмейтін. Жаңа киімдер әкелсек, таңқалып, кигілері келетін. Уақыт өте келе олардың талғамдары жақсарып, сән туралы білім жинақтады. Ең қымбат киімді “Гәкку әуендер” концертінде AZ киген болатын. Шамамен 70 мың тұрады”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Ұлдарына еден жуғызған Қыдырәлі Болманов желідегілерді таңғалдырды (видео)

Қарақат Әбілдина қызына “бесікке бөлеу” рәсімін өткізді (фото)

Бибігүл Төлегенова: Қазақ жігіттері байыса, 4-5 бала туған әйелін керек қылмайды

Жан Ахмадиев: Анамның айықпас дертке шалдығуына тек шындықты сүйетін өзімді кінәлаймын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Anonymous says:

    Ия, керемет талантты жігіттер! Киноларыңды асыға күтудеміз! Қуаныштымыз! Алға, рухы биік 91 тобының жігіттері! Eaglez сендерді әрқашан қолдайды әрі жақсы көреді!)))

  • Anonymous says:

    Еңбектерінің жемісін көріңдер, жеткен жетістікпен тоқырап қалмаңдар, алда алар белестерін көп, биік шыңдардан көрейік жігіттер! Ең таланты топ. Ен керемет сері жігіттер.

  • Anonymous says:

    Ninety One Біздің ханзадалар ең мықты… Тек алға жігіттер)))

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар