Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неймар 3,8 миллион долларлық тікұшағынан айырылып қалды

«Барселона» клубының футболшысы Неймар 3,8 миллион долларлық тікұшағынан айырылып қалды. Әуе кемесін спортшының салықтан жалтарып, алаяқтықпен айланысқаны үшін Бразилия билігі тәркілеген.

122814-Soccer-FC-Barcelona-Neymar-JW-PI.vresize.1200.675.high.36Сурет xsport.ua

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Жергілікті БАҚ Азаматтық авиация ұлттық агенттігі тікұшақты мүліктің жарияланбағаны үшін тартып алып отыр деп жазуда. Сан-Паулу федералды сотының шешімі бойынша футболшының құны 50 млн долларға тең мүлкі тәркіленген. Неймар да өз кезегінде тұтқындалған мүлікті айыбы үстінен алынбайынша және сот жаңа апелляцияны қанағаттандырмайынша ел аумағында қолдана алмайды. Тізімге сонымен қатар спортшының яхтасы мен үйлері де енген.

Талқылау