Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Солтүстік аймақтарда айдың соңына дейін үсік жүреді": Қазгидромет мамыр айына арналған ауа-райы болжамын ұсынды

Қазгидромет мамыр айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото:  РИА Новости

Мамыр айында жазғы атмосфералық процестерге көшу жүзеге асырылады. Көпжылдық мәліметтерге сәйкес оңтүстік аймақтарда үсік айдың бірінші жартысында, ал солтүстік аймақтарда - айдың соңына карай аяқталады. Бірақ кей жылдары соңғы үсік айдың соңында, тіпті маусым айында болуы мүмкін.
Ауа райының тұрақсыз сипаты: жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, айдың кей күндері бұршақ жаууы мүмкін.
Кей күндері жоғары температура көрсеткіші басым болады:  республикамыздың солтүстік жартысында күндіз ауа +25+35°C дейін ысуы мүмкін. Оңтүстік жартысында +30+40°C дейін  ыстық болады.
Суық толқындар әсерінен ауа температурасының төмендеу ықтималдығы жоғары:
солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде -5+5°C дейін, күндіз +10+15°C дейін. 
Еліміздің батысында және оңтүстік жартысында ауа температурасы  түнде +5+15°C дейін, күндіз +16+26°C дейін.
Мамыр айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, батыс аймақтарда норма шамасында.
Мамыр айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан жоғары, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болады деп болжануда.
Айта кетейік,  бір айға арналған ауа-райы болжамын консультативті болжам ретінде пайдалану керек, кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзету енгізіледі және онкүндікке арналған ауа-райы болжамдарымен нақтыланады.

Талқылау