Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның барлық әуежайында жолаушылардың биометриясы енгізіледі

Көлік министрлігі еліміздің барлық әуежайларында жолаушылар биометриясын енгізу жоспарланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото freepik.com

Министрлік жолаушылар тасымалы саласында электрондық билеттерді сатып алу, онлайн-брондау және цифрлық құжаттарды пайдалану қызметтерін пайдалану әдеттегідей болатынын жеткізді.

"Цифрландырудың келесі қадамы рейске отырғызу кезінде жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру болуы тиіс. Бұл әуежайларда жолаушыларды отырғызу процесін бірнеше есе жеңілдетіп, тездетеді. 2023 жылы биометрия пилоттық жоба ретінде елордалық әуежайында енгізілді. Осындай оң тәжірибемен пилоттық жоба Қазақстанның барлық әуежайларына масштабталатын болады", - деп атап өтті Көлік министрлігі. 

Министрлік сонымен қатар, Қазақстанда жүк авиатасымалдары саласында бизнес-процестерді оңтайландыру үшін E-freight ақпараттық жүйесі сәтті енгізіліп, жұмыс істейтінін еске салды.



"Барлық авиакомпаниялар мен әуежайлар платформаға қосылған. Электрондық ресімдеу және жүктерді сүйемелдеу арқылы әуе жүктерін тасымалдауды ұйымдастыру кезіндегі уақытша шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік туды", - деді ведомство.

Талқылау