Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тілінде қате қолданылып жүрген сөздер (видео)

Қазақ тіліндегі кейбір сөздер ауызекі сөйлеу кезінде қате айтылып жүр. Бұл сөздерді қате жазатындар да кездеседі.

Фото: Stan.kz коллажы

Бопа. Дұрысы – бөпе

Балдар. Дұрысы – балалар

Қолбақ. Дұрысы – қолғап

Күлкінішті. Дұрысы – күлкілі

Ештеңке. Дұрысы – ештеңе

Мышық. Дұрысы– мысық

Ашты. Дұрысы – ащы

Дүзу. Дұрысы– түзу

Садаға. Дұрысы – садақа

Шербет. Дұрысы – шәрбат

Уақиға. Дұрысы – оқиға

Еске салайық, Stan.kz ақпарат агенттігі 24 мамырда республикалық онлайн диктант өткізеді. Осылайша біз қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мәселесіне жіті көңіл бөлгіміз келеді. Осы ретте енді біз қала көшелеріне шығып, стендтер мен билбордтардағы, жарнама беттеріндегі қазақша жазулардың дұрыс жазылуын тексереміз, қателерін анықтаймыз. Қай жері қате және оны қалай түзеуге болатынын қарастырамыз. Қала көшелерінде, аудан орталықтарында қазақша қате жазылған тіркестерді бізге жіберу арқылы, шараға сіз де атсалыса аласыз!  Қатені фото-видеоға түсіріп, біздің Instagram-ға жіберіңіз.

Талқылау