Назарбаев университеттерді қатаң сынға алды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы университеттер қызметіне қатысты қатал сын айтты. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Назарбаев университеттерді қатаң сынға алды

«Барлық университеттердің деңгейі мына университетпен бірдей болуы тиіс (Назарбаев университеті). Әр университетте өндіріске негізделген жеке ғылыми зертхана болуы тиіс. Бизнеспен серіктесіп, коммерциялауға көшу қажет. Барлық университеттер солай жұмыс істейді. Оны өздеріңіз де білесіздер, әлемді аралап көріп жүрсіздер. Ал біздің университеттер қандай? Қазір қалтасына ақша түскен адам министрлікке келіп: «Университет ашайық», – дейді. Бізде барлығы 130 университет бар, олардың санын қысқарту қажет. Бізге сан емес, сапа керек», – деп мәлімдеді президент «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында өткен оқулықтар тұсаукесерінде.

Елбасының сөзінше, еліміздегі ірі жоғары оқу орындары IT, инженерия, техникалық мамандықтар бойынша артта қалып барады, жекелеген университеттер озып жатыр.

«Онда ол университеттер өздігінен қалады, грант бөле алмаймыз. Халыққа бұл жерден ештеңе ала алмайтынын түсіндіреміз. Сондықтан да университеттер көште болғысы келсе, заман талабына сай болуы тиіс», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев жастарды диплом үшін емес, білім үшін оқуға шақырды.

«Диплом үшін оқитын кезеңнен өтіп кеттік. 2-3 дипломы бар, бірақ жұмысы жоқ қаншама адам жүр?! Сондықтан да 3-4 курс студенттерінің 85%-ы бизнеске тартылса – нағыз университет сол. ЖОО-лар жұмыс берушілерді шақырса – міне сол университет. Біз қазақпыз ғой, бәріміз заңгер, экономист, кәсіпкер болғымыз келеді. Қайда қазір олардың бәрі? Сұраныс жоқ. Сондықтан да біз кемелденген ұлт болуға тырысуымыз қажет және мұндай талпынысты жастардың миына құю керек», – деп түйіндеді сөзін Назарбаев.

Тағы оқыңыз: 

Назарбаев орыс тіліндегі кейбір сөздердің қазақ тіліндегі аудармасына ұялады

Назарбаев: Швейцарияда қарапайым такси жүргізушісі төрт тіл біледі

Нұрсұлтан Назарбаев: Мен күн сайын латын әліпбиімен жазамын

Назарбаев: Мешітте намаз оқу үшін де білім керек

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
26.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар