Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Фидель Кастро есімізде тарихи тұлға ретінде қалады

Нұрсұлтан Назарбаев Куба Республикасы мемлекеттік кеңес және министрлер кеңесі төрағасы Рауль Мадесто Кастроға Фидель Кастроның өліміне байланысты көңіл айту хатын жолдады.

20161126141031

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхатта Назарбаевтың Куба революциясы көшбасшысының өлімі туралы ақпаратты күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Команданте Фидель Кастро Қазақстан халқының есінде данышпан басшы, даңқты саясаткер және екі жақтың қарым-қатынасының нығая түсуіне сүбелі үлес қосқан тарихи тұлға ретінде қалады», – делінген жеделхат мәтінінде. Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардың және өзінің атынан Куба халқына қайғыра отырып көңіл айтатынын жеткізді.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев келесі президент сайлауына өзін қандай жағдайда ұсынатынын айтып берді

Назарбаев ауыл жастарын жаппай жұмыспен қамтуға пәрмен берді

Имашев Назарбаевтың есімін Петропавл не Павлодар қаласына беруді ұсынды

Мәжіліс депутатының ұлы Аслан Жақыпов тергеу біткенше қамаудан босатылмайтын болды

Талқылау