Мәжіліс депутатының ұлы Аслан Жақыпов тергеу біткенше қамаудан босатылмайтын болды

Сейсенбі, 22 Қараша , 2016 7:05

288 миллион теңге пара алды деп айыпталған «Бәйтерек» холдингінің лауазымды топ-менеджерлері сот басталғанға дейін қамауда отыратын болды. Бүгін Астана соты осындай санкция берді деп хабарлады КТК.

novyy-kollazh-3

Күдіктілердің қатарында Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы да бар. Ұлттық холдингттің еншілес компаниясы «Байтерек DEVELOPMENT- ” төрағасының орынбасары Асан Жақыпов, атқарушы директорлар Бауыржан Әйтімбетов, Ғазиз Сариев сынды 8 адам ұсталған болатын.

Олар «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет ақшасын талан-таражға салған. Яғни, жалдамалы және несиеге берілетін баспаналарды салатын құрылыс компанияларын өз беттерінше таңдап, тек ауызбастырық бергендердің қызығушылығын қорғап келген.

Жемқорлыққа қарсы бюроның мәліметтеріне сүйенсек, күдіктілер Орал, Көкшетау, Атырау, Ақтөбе, Тараз бен Талдықорғандағы 13 кәсіпкерден 288 миллион теңге пара алған.

Өз кезегінде депутат Жақыпов баласы үшін уәж айтып, жауап бермейтінін жеткізген еді.

Оқи отырыңыз:

Қанат Бозымбаев сүйінші сұрады

Серік Ахметов үкіметке 150 миллион теңге қайтарудан бас тартты

Мәжілісте Асанов пен Қасымов бір-бірінің кемшілігін жайып салды

Сот студент қыздың үстінен түсірген Мұхамедиұлының шағымын қабылдаудан бас тартты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар