Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Жақыпов жемқорлықпен істі болған баласы үшін жауап бермейтін болды

Мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыповтың жемқорлықпен ұсталған ұлы үшін отставкаға беруіне негіз жоқ. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Қайрат Қожамжаров осылай деді.

новый коллаж

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаевтың пікірінше де, Жақыповтың депутаттық мандаты мен ұлына қатысты тергеуді бірге қарауға болмайды.

“Әкесі баласы үшін жауапты емес. Жалпы мен енді ондай нақты жағдайлар болған кезде, біз әрбір осындай жағдайды жеке қарауымыз керек деп айтып отырмын. Тергеудің жүру барысын қарайық, ары қарай сот болады, соттың шешімін көруіміз керек. Осы қылмысты жүзеге асырған адам жас бала емес, үлкен. Бұл күрделі мәселе”, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Мәулен Әшімбаев.

Естеріңізге салсақ, күні кеше ғана 28 млн теңге пара алды деген күдікпен «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Аслан Жақыпов, мемлекеттік-жеке меншік дирекция департаментінің басшысы Бауыржан Әйтімбетов және басқарушы директоры Ғазиз Сариев ұсталды. Оларға қылмыстық жүйе құрып, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жалдамалы баспана тұрғызуда құрылыс компанияларына лобби жасап, пара алды деген айыптар тағылып отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Сот студент қыздың үстінен түсірген Мұхамедиұлының шағымын қабылдаудан бас тартты

Қазақстандықтар желтоқсан айындағы мейрамдарда қалай демалады

Шымкенттік зейнеткер өз қалтасынан ел үшін 50 млрд теңге беретінін айтып Түймебаевты таңқалдырды (видео)

Жазира Байырбекова: Болашақ құдаларым кім болса да маңызды емес

Талқылау