Назарбаев ауыл жастарын жаппай жұмыспен қамтуға пәрмен берді

Сәрсенбі, 23 Қараша , 2016 21:29

Нұрсұлтан Назарбаев бюджеттің миллиардттары бөлінген маңызды мемлекеттік бағдарламаларының қалай орындалып жатқанын тексерді. Бүгін Ақордаға Министрлер кабинетін жинап кеңес өткізген президент әсіресе әлеуметтік салаға көп көңіл бөлді. Бұл туралы КТК хабарлайды.

nazar

Мемлекет басшысы алдымен арзан баспананың қалай салынып жатқанын жіті сұрастырды. Ұлттық экономика министрі, салымшы пәтердің 50 пайызын жинаса «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» 4 пайызбен несие беретінін айтты. Осы жерде Елбасы мемлекет салып жатқан үйлердің әділ үлестірілуін талап етті.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, денсаулық, әлеуметтік саладағы ауқымды шаруаны тыңдаған Назарбаев, ауылдағы жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға тапсырма берді. Бұл үшін қазынадан қыруар қаржы бөлініп жатқанын да ескерте кетті.

“Тапсырмалардың бәрін орындасақ ауылда жүрген жастарға көп жақсылық жасаймыз. «Серпін» деген бағадарлама бар. Соны қадағалау керек. Негізінен бос жүрген қазақтың баларына жақсылық жасаймыз”, – деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін парламент палаталарының жиналысында депутаттар Астана қаласына Нұрсұлтан Назарбевтың есімін беруді ұсынған болатын.

Оқи отырыңыз:

Қанат Бозымбаев сүйінші сұрады

Есімін жасырған азамат мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй мен көлік сыйлады (фото)

Алматыда мұғалімдер мен дәрігерлер Тәуелсіздік күніне орай сыйақы алады

Алдағы уақытта банктер қарызды күштеп қайтарып алуы мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

20
Комментариев

Пікір қалдыру


Хамит
15 күні 11 минут кері

Серпін жақсы бағдарлама болды. Осы бағдарлма арқылы студенттер тегін оқып қана қоймай, мемлекеттік грант алады. Оқимын, білемін деген жастарға бұл үлкен мүмкіндік.

Маржан
15 күні 17 минут кері

Әрине, күш-қуаты толлып тұрған жас кезінде бұл баларардың бар ынтасын жақсы жаққа жіберу керек.

Шырын
15 күні 2 сағат кері

Дұрыс айтады, ауылшаруашылығымен айналысуымыз керек, ауылдың жағдайын көтеру керек.

Рабиға
15 күні 2 сағат кері

Ауыл өссе ел өседі. Сондықтан осы бағытта жұмысты күшейтуіміз керек.

лаура
15 күні 2 сағат кері

елді қалай дамытамыз деп жанұшырып жатырмыз, шынымен жігіттеріміз жұмыссыз жүруді доғарып, берілген мүмкіндікті пайдаланып екі қолға бір күрек алса екен

Абай
15 күні 2 сағат кері

Орынды берілген тапсырма, енді тағы да қатаң ақадағалауда ұстаса қатып кетер еді.

Саги
15 күні 3 сағат кері

Әлеуметтік сұрақтар әрқашан да өзекті, елбасымызауыл жастарын қолдап отырғанына қуаныштымын

Таңшолпан
15 күні 2 сағат кері

Елбасымыз әрдайым жастарға, өскелең ұрпаққа аса мән береді. Болашаққа дұрыс бет бұру деген осы болар.

Шынар
15 күні 4 сағат кері

Жұмыс жоқ деген жатарға таң қаламын, Жас кезде күш деген тасып тұратын уақыт. Қазір заман дамыды. Техника да, білім де дамыды. Жастардың қолынан бәрі келмей ме? Қалауын тапса қар да жанар деген. Қанша кәсіптің тізгінін тартып жүрген жастарды білем. Іштей қуанам. Бар мүмкіндікті солай пайдалану керек. Үйде жатып, жұмыс жоқ десе оған ешкім звондап, шақырмайд.Соны түсінетін уақыт келді емес па?

Гүлшат
15 күні 4 сағат кері

Мемлекеттің болашағы жастар болғандықтан, жастарға көңіл көп бөлініп жатыр. Ынта, жігерің мен талабың болса үкімет жағдайды жасап қойды. Өз еліңде оқығың келсеғ өз еліңде, ьасқа өңірде оқығың келсе басқа өңірде, шет елде оқимын десең оған мүмкіндік бар. Бірақ, жұмыс жағына келгенде сәл тоқтаңқырап қалатындар үшін мына тапсырма жақсы серпіліс болатын болды.

Аружан
15 күні 6 сағат кері

Ауылдың жастарына көңід бөлінуі ауылдағы әрбір қазақтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар