Алматыда мұғалімдер мен дәрігерлер Тәуелсіздік күніне орай сыйақы алады

Алматыда жергілікті бюджетті үнемдеудің арқасында әлеуметтік жағдайы төмен, сондай-ақ бюджеттік және әлеуметтік салада қызмет ететіндерге сыйақы беріледі. Ақшалай қаражат алатындардың жалпы саны 114 мың адамнан асады.

965afa4205be9d6de3e24065c50 (1)
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Алматыда жергілікті бюджетті үнемдеудің арқасында әлеуметтік жағдайы төмен, сондай-ақ бюджеттік және әлеуметтік салада қызмет ететіндерге сыйақы беріледі, — деп хабарлайды Алматы әкімі Бауыржан Байбек сейсенбі күні “Нұр Отан” партиясының қалалық филиалымен өткен конференция барысында.

Оның айтуынша, қалалық бюджетті оңтайландырудың нәтижесінде дәрігерлерге, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, әлеуметтік жұмысшылар мен әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға сыйақы беру мүмкіндігі туды. 2016 жылы жергілікті бюджеттен 123 миллиард теңге үнемделген: жол айналымдарын оңтайландыруға, құрылыс нысандары мен Универсиадаға бөлінген қаражаттан 60 миллиард теңге, әлеуметтік нысандарға бөлінген қаражаттан 56,5 миллиард теңге үнемделсе, мемлекеттік сатып-алулар кезінде 6,5 миллиард теңге үнемделген.

“Осыны ескере отырып, мемлекет басшысының тікелей тапсырысымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жергілікті бюджеттегі қаражаттан әлеуметтік және бюджеттік салада жұмыс істейтін алматылықтарға бір алатын айлығының көлемінде сыйақы берілсе, әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың әрқайсысына 50 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі”, — делінген баспасөз конференциясының қорытындысы бойынша таратылған хабарламада.

Жалпы, сыйақы алатын алматылықтардың саны шамамен 114,3 мың екен. Ал бөлінет қаражат 6,2 миллиард теңге болып тұр. “Мемлекет басшысы мен партия көшбасшысының мереке қарсаңында көрсетіп отырған көмегі оларға бірінші қажеттіліктегі тауарларды сатып алуына, азық-түлік өнімдерін алып, коммуналдық қызметтерін төлеп, несиелерін өтеуге көмектеседі деп сенемін. Яғни, ең қажетті дүниелеріне жарата алады деп сенемін”, — деп келтіреді Байбектің сөзін баспасөз қызметі.

Жіберіп алмаңыз:

Көшеден ақшасы бар әмиян тауып алған азамат иесін іздеп жүріп қайтарып берген

Мұхамедиұлы: Мен не үшін отставкаға кетуім керек, шындық үшін күрескенім үшін бе?

Алматыда жезөкшелерге көмектескен полицейді түрмеге жапты

Есімін жасырған азамат мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй мен көлік сыйлады (видео)

Қазақстанда ата-ананың баласына қол көтеруін зорлық көрсетумен теңестіру ұсынылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар