Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: елдегі кен орындарын өзіміз игерсек, байлығымыз арта түседі

Индустрияландыру бағдарламасы аясында бүгін жаңа кәсіпорындар ашылады.

Ұлттық телекөпір барысында президент Нұрсұлтан Назарбаев алтын өндіру фабрикасын іске қосты,-деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ұлттық телекөпір барысында “Қазақалтын Технолоджи” компаниясы Ақсу ауылында алтын өндіру фабрикасын іске қосты.

“Бұл өте үлкен және қажет жоба. Қазақстанда тек энергетикалық шикізаттар ғана емес, басқа байлықтар да жеткілікті. Соның ішінде алтын осы күні біздің валютаның негізі болып отыр. Қазақстанда 150-ден артық кен орны бар. Соның бәрін игеретін болсақ, өзіміздің компаниялар игеретін болса, еліміздің байлығын одан әрі арттырамыз. Зауытта төрт тонна алтын шығарылмақ, бұл үлкен өндіріс болып саналады”, — деген мемлекет басшысы қазақстандықтарды жаңа өндіріс орнының ашылуымен құттықтады.

Жалпы, ұлттық телекөпір барысында  индустриалды-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөнеркәсіптік 25 жаңа өндіріс ошағы іске қосылады деп жоспарланған.

Оқи отырыңыз:

Ернар Айдар Серік Ибрагимовтің әйгілі әні арқылы жеке өмірінің құпиясын ашты (фото, видео)

Индира Расылхан бір күнде дүниеге келген күйеуімен бірге туған күнін атап өтті (фото)

Қуандық Рахым концертінде Ақбота Сейітмағамбетпен дуэт орындамақ (видео)

Сәкен Майғазиевпен суретке түсе алмаған тыңдарман әншіні балағаттап кеткен (видео)

Талқылау