Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиевпен суретке түсе алмаған тыңдарман әншіні балағаттап кеткен (видео)

Сүйікті әншісін бір көруді армандайтын тыңдарман онымен жүздесу сәті түссе суретке түсіп қалғысы келеді. Алайда өз қалауын орындаймын деп өнерпаздың шамына тиетіндер де баршылық. Мәселен, Сәкен Майғазиев жанкүйерлердің көңілінен шығамын деп дауға қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

Майғазиев өнердегі інісі Ернар Айдардың концертінде ниет білдірген тыңдармандардың тілегін қуана орындаған. Ол жанына келген жандардың барлығымен дерлік суретке түсуге тырысқан. Алайда көптің ортасында тапталып, әншіге “қолы жетпей” қалған тыңдарманның бірі көңілі қалғанын айтып, неше түрліні айтып кеткен. Бұл туралы Сәкен Майғазиев инста-парақшасында әңгімеледі.

“Сәкен осы сәттен кейін өзінің бір жанкүйерін жоғалтып алатынын білмеді-ау. Суретке түсіп үлгермегеніне мені кінәләп, жек көретінін жеткізіпті. Мен көкірек көтеріп, “жұлдыз ауруына” шалдығып, кеудесінен итеріп кетіп қалыппын-мiш. 3000 адамның бәрімен суретке түсе алмағаныма кешірім сұраймын. Отырса опақ, тұрса сопақ болған әнші байғұстар-ай. Өмір ғой”, – деп жазды ол.

Желі оқырмандары әншіге басу айтып, мәдениетсіз адамдардың пікіріне мән бермеуге кеңес берді.

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдардың концертінің соңы жаппай айқай-шуға ұласты (фото,видео)

Алагөзов бұрынғы әйелінен дүние-мүлкін қайтару үшін сотқа қайта шағым түсірген

Роза Рымбаева 9 айлық ұлын асханада ұмытып кеткен

Белгілі композитор: Министрдің өзін аш ұстау керек

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр