Елбасы бейнеленген банкнот 1 желтоқсанда айналымға шығады

Бейсенбі, 1 Желтоқсан , 2016 8:32

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, номиналдық құны 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналысқа шығарады.

nazarbaev banknota

Банкноттың дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде орындалған: бет жағында бейнелер басым түрде тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Банкноттың өлшемі –149х79 мм. Банкноттың басым түсі көкшіл күлгін. Банкноттың бет жағындағы негізгі бейнелер: “Қазақ Елі” монументі, Есік қорғанынан табылған “Алтын адамның” бас киімінің бір бөлігі – “Өмір ағашы”. Голографиялық металл жолақта астананың көрінісі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің факсимилесі және күннің стильдендірілген бейнесі орналасқан, деп жазды Sputnik.

Қазақстан картасының бейнесі көлбеу бұрышын өзгерткен кезде түсін өзгертетін қорғаныш элементін білдіреді. Картаның бетінде “МӘҢГІЛІК ЕЛ” деген жазба бар. Сонымен қатар Іле Алатауындағы тау тізбегі бейнеленген. Сол жағында ортасында номиналдың цифрлық бейнеленуі басылған. Жоғарғы оң жақ бұрышында шығарушы банк – “ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ”, сондай-ақ қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін “Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады” деген жазба бар.   Банкноттың бет жағы Банкноттың сырт жағында негізгі бейне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың портреті болып табылады. Портрет қағаздың бетінде бедерлікті қамтамасыз ететін және ұстаған кезде сезілетін интаглио (терең басу) әдісімен орындалған. Әлемдік практикада бұл әдіс банкноттардағы портреттерді орындаған кезде дәстүрлі әдіс болып табылады. Артқы көріністе Қазақстан картасы бейнесінің аясында «Бәйтерек» монументін қоса алғанда, Астана қаласындағы бірнеше ғимарат бейнеленген. Қызғылт сары қорғаныш үзік-үзік жіп банкноттың көлбеу бұрышына орай түсін өзгертеді. “Подделка банкнот преследуется по закону”» деген жазба банкноттың сол жақтағы төмен бұрышында орналасқан. Басқа ақша белгілерімен қатар, бұл банкнот айналысқа шығарылған сәттен бастап заңды төлем құралы болып табылады, сондай-ақ барлық төлемдер мен ақша аударымдарында қабылдануға міндетті. Таралымы – 100 000 дана.

Жіберіп алмаңыз:

Өз бетімен еңбектеніп ақша тапқан 26 жастағы жігіт әлемдегі ең жас миллиардер атанды

Назарбаевқа 25 млрд евро бергісі келген меценат осыншама ақшаны қайдан алғанын айтып берді

“Эйр Астанаға” әуе билеті бағасын төмендетуді ұсынды

Қазақ байлары жасырған миллиондарын дереу заңдастыруға кіріскен

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев

Пікір қалдыру


Амина
3 күні 21 сағат кері

Президентімізбен мақтанамын. Қандай құрметке де лайық кісі

Айым
3 күні 21 сағат кері

Бүгінгі мереке құтты болсын. Елбасымыз аман болсын!

Мереке
3 күні 21 сағат кері

Елбасына қалай риза екенімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Аман болыңызз

Нұрсұлтан
3 күні 21 сағат кері

Иә, мен де жұмсамай сақтап қоюшы едім

Мақсат
3 күні 21 сағат кері

Барлығы Елбасының арқасында ғой. Керемет! Маған да біреуі түссе деп тілейміз

Ажара
3 күні 21 сағат кері

Бұл Елбасы күніне орай шығарған сыйлық-ақшалар шығар)

Қымбат
3 күні 21 сағат кері

Осындай біреуі қолыма тиіп жатса жұмсауға да қимайтын шығармын

Бота
3 күні 21 сағат кері

Санаулы ғана таралыммен шыққан екен. Құтты болсын

Айсауле
3 күні 21 сағат кері

ОО осындай ақша алатын шығармыз айлықта енді…. Сақтап қоямын мен

Саги
3 күні 23 сағат кері

Таралымы жүз мың дана екен, сол жүз мыңнан біреуі қолыма тисе жаратпай, сақтап қаламын міндетті түрде!

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар