Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз бетімен еңбектеніп ақша тапқан 26 жастағы жігіт әлемдегі ең жас миллиардер атанды

Forbes журналы әлемдегі ең жас миллиардерлердің есімдерін атады. Бірінші орынға Stripe онлайн төлем жүйесінің негізін қалаушы Джон Коллисон орналасқан.

1916774

Рейтингтің жаңа көшбасшысы Snapchat негізін қалаушыларының бірі Эван Шпигелден екі айға жас. ол 2015 жылдан бері көш бастап келген еді. Бұл жолы екінші орынға түсіп қалып отыр.

Басылымның мәліметінше, қазіргі таңда жасы 30-ға жетпеген төрт ғана ірі миллиардер бар екен. Үшінші және төртінші орындарды 28 жастағы Патрик Коллисон (Джонның ағасы) және Snapchat негізін салушылардың бірі Бобби Мерфи еншілеген. Forbes бағалауы бойынша ағайынды Коллисондардың әрқайсының байлығы 1,1 миллиард доллардан асып түседі.

Өткен аптада Stripe жаңа инвестициялық раунд нәтижелерін жариялаған болатын. CapitalG мен General Catalyst Partners компанияға 150 миллион доллар инвестиция салған болатын. Осы инвестициялық раундтан соң Stripe құны 9,2 миллиард долларға дейін артып кетті. Бұл өз кезегінде Джонның рейтинг көшін бастауына мүмкіндік беріп отыр.

Ағайынды Коллисондарға Stripe-тың шамамен 30 пайызы тиесілі.

Оқи отырыңыз:

Ислам Кәрімов: Анам тірі, бірақ Өзбекстанда халыққа оның тек егізін көрсетіп келеді

БАҚ: Фидель Кастроның 35 мың әйелі болған

Әйелі тастап кеткен қырғыз жігіт сөмке тігіп, бүкіл әлемге саудалауда

Сүйіктісінен таяқ жеп көз жұмған әйел өмірінің соңғы сәттерін диктофонға жазып үлгерген

Талқылау