Әйелі тастап кеткен қырғыз жігіт сөмке тігіп, бүкіл әлемге саудалауда

Дүйсенбі, 28 Қараша , 2016 8:36

Қырғызстандағы Нарын облысында тұратын Рахатбек Үсенқожаев былғарыдан түрлі бұйымдар жасап, өнімдерін қазір бүкіл әлемге саудалап отыр.

7ab3947e2fa2c6817a0086253df0c202_XL

Бұл туралы NewTimes.kz хабарлайды.

Ер адам алты жыл бұрын үй жануарларын асыраумен айналысқан. Кейін басынан ауыр жағдай өтіп, бірінші топтағы мүгедек атанады. Екі аяғы бірдей істемей қалып, Рахатбек біртіндеп жаңа мамандықты игере бастайды. Қазіргі кезде ол қамшы, сөмке, әмиян, телефонға арналған қаптама, белдік пен ат әбзелдерін жасайды.

Оның сөмкелері 15 мың сомға дейін (200 АҚШ доллары) бағаланады. Негізінен оларды Қытайдағы этникалық қырғыздар сатып алып, оны бүкіл әлемге саудалайды екен.

“Мен мүгедек болып қалып, анам көп қиындық тартты. Осы оқиғадан соң 2 жыл өткенде әйелім де тастап кетті. Балаларды өзіме қалдырдым. Анамның көз жасын тоқтатып, балаларды ойлап мен өз-өзіме келдім. Кейін бұйымдар жасап, сөмке тігіп, менің қолымнан келетінін сездім. Бірде Ат-Башы ауданында көрме өтті. Сол жерге сөмкелерімді қойып едім, көптеген адамдар қызығушылық танытты”, – дейді Рахатбек.

Оның 2 қыз, 1 ұлы бар. Бизнесін өркендетіп, аяққа тұру үшін ол қазір қолынан келгеннің барлығын жасауда.

Оқи отырыңыз:

Сүйіктісінен таяқ жеп көз жұмған әйел өмірінің соңғы сәттерін диктофонға жазып үлгерген

16 жастағы жігіт 17 жастағы қызды зират ішінде зорлап кеткен

Гүлнар Кәрімованың ұлы анасының өліміне байланысты ақпаратқа пікір білдірді

Мұғалімі интернаттағы тұрмысы төмен 13 жасар оқушысын 10 мың долларға сатпақ болған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
10 күні 7 сағат кері

Машаллах Алла куат берсен иншаллах

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар