Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Атамқұлов пен Жұмағалиевті неліктен министр қызметіне тағайындағанын түсіндірді

Отандық БАҚ өкілдеріне жыл қорытындысы жөнінде сұхбат берген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев таяуда министрліктегі кадрлардың ауысуына қатысты пікір білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев

Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасында елбасының сұхбатының үзіндісі жарияланды, деп жазады Stan.kz.

«Мен мұны бұрыннан жасағым кеп жүрген. Себебі СІМ-ді таза саяси ұйым деп санайды. Алайда біз Қытай, Ресей, Америка емеспіз. Бізде қайдағы жаһандық мәселелер?

Американың елшілігі компанияның қызығушылықтарын қалай алға жылжытатынын қараңыздаршы: бірдеңе бола қалса, барып, оларға айтады. Ал бізде мұндай жоқ. Керісінше, біз әр министрліктен елшілікке кеңесші тағайындай бастадық.

Және олардың не істеп жатқанын ешкім білмейді. Әр министрлік сол жаққа жібереді. Сондықтан СІМ және сыртқы экономикалық байланыс мәселелері бұрыннан болған. Яғни, инвестициялар және экспортқа қатысты мәселелерді СІМ мамандары бақылауы қажет.

Оларға ыңғайлы, себебі олар тілді, мемлекеттерді біледі. Біз сол мәселелерді оларға, екі-үш-бес адамнан (шешетіндерге– ред.) бергеніміз дұрыс. Жүз адам, екі жүз-бес жүз адам жүр, олардың немен айналысып жатқаны белгісіз.

Мұның бәрімен бір адам айналысады. Біз министрліктің бағытын өзгерттік және экономиканы білетін адам қажет болды», – дейді елбасы Бейбіт Атамқұловтың жаңа ведомствоның басшылығына келуі туралы.

Сонымен қатар президент Атамқұловтың мамандығы бойына металлург екенін, соған қарамастан Малайзияда елші, Еуропада консулдық қызмет атқарғанын атап өтті. Сондықтан оған елшілік қызмет пен экономикалық мәселелер таңсық емес.

«Осыған байланысты Асқар Жұмағалиев қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі атанды. Ол ғарышпен айналысқан. Жалпы, ол – әскери білімі бар адам», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау