Назарбаев: Ата-баба әруағына сыйынуда тұрған ешқандай әбестік жоқ

Сейсенбі, 28 Маусым , 2016 11:59

Президент қоғам өміріне қатысты күн тәртібінде тұрған өзекті мәселерге қатысты пікір білдіреді. Соның бірі – дін тақырыбы.

ртрт

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

“Қазақстанның мұсылмандық діни нанымы әлдеқайда байсалды, толерантты. Сүннит діннің байсалды, зайырлы ағымы деуге болады. Біздің өз дәстүріміз, салт-санамыз бар. Қазақтар осы күнге дейін ата-бабасының аруағына сыйынып келген. Ал Құранда ешқандай аруаққа табынуға болмайды, тек қана Аллаға табыну керек деп айтылған. Бірақ мен жеті атамызды біле тұра олардың аруағына сыйынғаннан ешқандай әбестік көріп тұрған жоқпын”, – деген Елбасының пікірі “Мемлекет басшысы” атты жаңа фильмде қамтылған.

3 шілдеде Қазақстан Президенті жайлы “Мемлекет басшысы” деген жаңа фильм көрермен назарына ұсынылмақ. Онда Елбасының жеке өмірі, ел басқару ісі һақында бұқараға беймәлім болған фактілер баяндалмақ. Фильмді сол күні сағат 21.00-де КТК арнасынан, 22.00-де “Хабар” арнасынан тамашалауға болады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

13
Комментариев
  • Манат says:

    3-шілдені асыға күтеміз. Жақсы фильм шыққан секілді.

  • Назерке says:

    Осы жеті атамызды біліп, қыз алыспай отырғанның арқасында қазақ халқы ең таза халық болып саналады, аталарымыз дана болған ғой

  • Тамерлан says:

    Ата-бабамызға Құран бағыштап, әрдайым еске алып отыру керек

  • Жулдыз says:

    Президенттің ұстанымы өте дұрыс. Алла тағала еліміздің тыныштығын, халқымыздың тоқтығын, басшымыздың сабырлығын берсін. Осы жолымызда елді, жерді қорғаған ата-бабаларымыздың әруақтары қолдасын

  • Дулат says:

    Біздің Елбасы Меккеге барып келген, көп оқыған естіген адам ғой!

  • Жұмбақ жан says:

    Ондай күштің барына сену керек шығар!

  • Жұмбақ жан says:

    Біздің ата-әжелеріміз кезінде көп есіне алған аруақтарды

  • Жұмбақ жан says:

    Дін мәселесі өте терең. Оны жақсылап зерттеу керек

  • Жұмбақ жан says:

    Тек Аллаға табынып, сыйыну керек.

  • Жұмбақ жан says:

    Ең бастысы Алла туралы ұмытпау керек!

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар