Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Астана әкіміне ашуын келтірген суретті көрсетті

Елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астана қаласын одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өтіп жатыр. Қаладағы сада орындарының қандай жағдайда жатқанын көрген Елбасы Астана базарларына тәртіп орнату туралы тапсырма берді. Ол мәжіліс барысында қала басшысына ашуын келтірген фотосуретті көрсетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Астанадағы сауда орындары ұйымдастырылмаған. Бұған қатысты бізде слайд бар. Қараңыздар. Алматыда барахолка базары бұзылып, қайта салынды. Мәскеудегі Черкизовский нарығы да көшірілген болатын. Ал сіздерде не болып жатқанын қараңыздар. Сонымен қатар тәп-тәуір нарықтар мен базарлар салғысы келетіндер де бар. Ал мынау не? »- деді Мемлекет басшысы Әсет Исекешевке астан-кестені шыққан базардың суретін көрсетіп.

Мемлекет басшысы бұл фотосурет жеке кәсіпкерге тиесілі Тілендиев көшесіндегі базардың  көрінісі екенін айтты. Әкімдіктің өкілдері өткен жылы инспекция нәтижесінде бұл кәсіпкерге жағдайды түзету үшін бір жыл беріліп, 75 АЕК көлемінде айыппұл салынды деп түсіндірді.

«Осы ма қаланың 20-жылдығына жасаған дайындықтарыңыз. Қаланың тек бетін ғана жалтыратып қойғансыңдар. Астананы көруге келгендер: өздері қалаларымен мақтанады, не болып жатқанын қараңдар дейді. Біз тек бір-екі орынды ғана көрдік. Ал қаланың көптеген жерлерінде не болып жатыр. Тәртіпке келтіріңдер», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оқи отырыңыз:

Елбасы 2050 жылға дейін Астанада қанша адам өмір сүруі керек екенін айтты

Мемлекет басшысы: Алматылықтар астаналықтарға “колхозниктер” секілді қараған

Нұрсұлтан Назарбаев: Кемеровадағы оқиғадан қорытынды шығару керек

Назарбаев Астананың мерейтойы туралы: Қонақтарға қаланың әсемдігін көрсету қажет

 

 

Талқылау