Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы 2050 жылға дейін Астанада қанша адам өмір сүруі керек екенін айтты

Мемлекет басшысы қаланы одан әрі дамыту мәселелері бойынша өткізген кеңес барысында 2050 жылға қарай елорда тұрғындарының саны екі миллионға жетуі тиіс екенін айтты.

Елбасы Қазақстанның ірі қалаларында халық саны 2050 жылға қарай өсетін болады деп санайды. Бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлы бүгін Астананы дамыту бойынша өткізген жиналысында хабарлады, деп жазады  Stan.kz ақпараттық агенттігі.

 

«Біздің басты қалаларымыздың әрқайсысы 2050 жылға дейін даму стратегиясын иеленуі керек. Алматыда осы жылы екі жарым миллион адам  өмір сүруі керек. Ал Астанада екі миллион, Шымкентте бір жарым миллион адам болуы тиіс. Басқа қалалардың да өздерінің бағдарламасы болуы керек.  Үкімент бұл мәселені жақсылап зерттеуі керек », – деді Назарбаев.

Бұдан бұрын Статистика комитетінің сайтында Қазақстан халқының онлайн-есептегіші пайда болды. Құрал кез-келген күні адамдарды жынысқа бөлу арқылы тұрақты тұрғындардың санын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз:

Мемлекет басшысы: Алматылықтар астаналықтарға “колхозниктер” секілді қараған

Нұрсұлтан Назарбаев: Кемеровадағы оқиғадан қорытынды шығару керек

Назарбаев Астананың мерейтойы туралы: Қонақтарға қаланың әсемдігін көрсету қажет

Астана әкімі халықты қолжетімді баспанамен қалай қамтамасыз ететінін айтты

Талқылау