Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы: Алматылықтар астаналықтарға “колхозниктер” секілді қараған

Елордада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астана қаласын одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өтіп жатыр. Мәжіліс барысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың тазалығы ең алдымен әуежай мен вокзалдағы дәретханалардан басталатынын еске сала кетті.

Бұл туралы Астанадағы мәжілісте хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Ұшақтан немесе пойыздан түскенде ондағы қызметкерлердің  қалай қызмет көрсеткеніне қарап қаланың қандай екенін білуге болады. Астананың имиджі, сондай-ақ таза әрі қолайлы қала атануы, міне осыған байланысты. Астананың тазалығы әуежай мен вокзалдағы дәретханадан басталатынын талай рет айттым. Кәсіпкерлер дүкенде немесе мейрамханада келушілерді үркітетін сервис қызметкерін қалай ұстап отырады? Мұның бәрі тынымсыз еңбектің арқасында қол жеткізетін жетістік», — деді Елбасы.

Сонымен қатар, елбасы Астана мен басқа қала тұрғындарының арасында айырмашылық бар екенін де айта кетті.

«Бұрын біз Астанаға келгенде алматылықтар бізге “колхозниктерге” қарағандай қарайтын. Ал енді қазір қалай қарайды? Мұның бәрін мен не үшін айтып отырмын ойлайсыздар? Сіздер үкіметпен бірлесе отырып, аталған мәселелерді қарап, Астананың 20 жылдығына жақсы көрсеткіштермен келу үшін айтып отырмын.  Осында отырған сіздер мен біздер Астана үшін жауап береміз. Әкімдік қана емес, бүкіл мемлекет елорда үшін жауапты», — деді Елбасы.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда өгей қызына азғындық көрсетті деген азамат сотталуда

Астана студенттерін хостелге орналастыруы мүмкін

Астана әкімі халықты қолжетімді баспанамен қалай қамтамасыз ететінін айтты

Ермек Тұрсыновтың фильмінде басты рөлді сомдаған балаға шұғыл көмек қажет

Талқылау