Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда өгей қызына азғындық көрсетті деген азамат сотталуда

Педофил деп күдіктелген азаматқа қатысты сот ісі жабық режимде өтеді. Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында бес жасар өгей қызын азғындаған фактісі бойынша облыс тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сот департаментінің ақпараты бойынша, 30 жастағы ер азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1 және 3-бөліктерінде көрсетілген (кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсетпей-ақ азғындық әрекеттер жасаған)  қылмысты жасады деп күдіктеруде. Айыпталушының қылмысы дәлелдеген жағдайда, күдікті өмір бойына белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 10-15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін.

Бұрын хабарланғандай, ер адам өткен жылдың күзінде бес жасар асыранды қызына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды.

Бұл іске қатысты басты сот талқылауы 2018 жылдың 9 сәуірінде сағат 10-ға жоспарланған. Іс жабық сот отырысында қаралады.

Оқи отырыңыз:

Астана студенттерін хостелге орналастыруы мүмкін

Астана әкімі халықты қолжетімді баспанамен қалай қамтамасыз ететінін айтты

Ермек Тұрсыновтың фильмінде басты рөлді сомдаған балаға шұғыл көмек қажет

Қайтыс болғаннан кейін трансплантациялау үшін ағзаларды қалай беруге болады

Талқылау