Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайтыс болғаннан кейін трансплантациялау үшін ағзаларды қалай беруге болады

Трансплантациялау үшін өтініш беруші қайтыс болғаннан кейін тіндерін немесе ағзасын ерікті түрде бере алады. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы бұйрығымен трансплантациялау үшін қайтыс болғаннан кейін тіндерді  немесе ағзаларды (бөліктерін) ерікті түрде беру ережесіне өзгерістер енгізілген. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Осылайша, қайтыс болғаннан кейін тіндердің және органдардың ерікті түрде берілуі өтініш берушінің жеке шағымымен немесе электонды үкімет веб-порталын пайдалану арқылы жүргізіледі.

Өтiнiш берушi осы Ереженiң 1-қосымшасында келтiрiлген нысанға сәйкес транспланттау мақсаттары үшiн қайтыс болғаннан кейiн тiндердi немесе ағзаларды (бөлiктерiн) өмiр бойы ерiктi түрде беру туралы өтiнiмдi толтырады және жеке басын куәландыратын құжат ұсынады. Өз кезегінде, АМСК өтініш берушінің қосымшада көрсетілген жеке деректерін тексереді.

Егер өтініш берушінің арызы қосымшада бекітіліп, оның жеке деректері расталған болса, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесі жүктемені қосымшаға енгізеді.

Олар: Өтініш берушінің жеке мәліметтері және оның байланыс телефондары, сондай-ақ ерікті және қайырымдылық беру туралы өтініш толтырылған күнін (күні, айы, жылы) енгізеді. Оған қоса өтiнiш берушi қайтыс болғаннан кейiн трансплантациялау мақсаттары үшiн берілетін тіннің немесе ағзалардың (бөліктері) атауы да көрсетіледі. Сонымен қатар жұбайының, жақын туыстарының деректері, өтінімнің электрондық көшірмесі (сканерленген құжат) енгізіледі.

Ал өтініш берушінің арызы расталмаған жағдайда және оның көрсеткен жеке деректер сәйкес келмесе, АМСК өтінім түскен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде арыз жазушыға тиісті хабарламаны қайта жіберіп, мәліметтер базасына ақпарат беруден бас тартады.

Өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мәліметтер базасына ақпарат енгізілген жағдайда, АМСК өтініш берушіге және оның арызында көрсетілген жақын туыстарына тиісті хабарламаны жібереді. Сондай-ақ, өтініш беруші ағзаны беру туралы өтінішін кері қайтарып ала алады.

Оқи отырыңыз:

Бір көзінен айырылған Римманың анасы қазақстандықтардан көмек сұрады

Жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиев: Депутат болсам, біраз нәрсені өзгертер едім

Жетісу” құрамасының бұрынғы футболшысы адам өлтіріп, түрмеге қамалды

Талқылау