Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күн күркіреп, бұршақ жауады": Елімізде алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер 25, 26, 27 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Болжам бойынша, алдағы үш күнде еліміздің оңтүстік жартысында, 25 сәуірде еліміздің солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынды болады. Еліміздің солтүстік-батыс қиырында түнгі уақытта жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. 

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай соғады. Бұршақ жаууы да ғажап емес. Қалған аумақта антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел соғып, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі.



Суық фронт бірте-бірте еліміздің оңтүстік облыстарына ауысады. Онда ауа температурасы түнде 0-12, күндіз 10-20 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік облыстарда суықтың шарықтау шегі сақталады. 25 сәуірде сынап бағанасы түнде 0-8 аязға дейін, күндіз 5-13 градусқа дейін түсуі мүмкін. Кейін солтүстікте күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. 

Бұған дейін “Қазгидромет” Қазақстанның бірқатар аймақтарында құрғақшылық болатыны туралы айтқан еді. 

Талқылау