Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыққа итеріп жіберген: Алғашқы кездесуде көз жұмған алматылық бойжеткеннің өліміне қатысты үкім шықты

Алматыда алғашқы кездесуде көз жұмған бойжеткеннің өліміне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

қыз

Оқиға 2023 жылдың 16 қазанында болған. Айнагүл Кенчебаева ер адаммен кафеде танысқан. Бастапқыда әңгіме-дүкен құрған екен, алайда кейін жанжал туындапты. 

"Кафеге келушілер ер адамның қызды далаға алып шыққанын көрсе де, ешқайсысы араша түспеген. Қазір далада не болғанын ешкім білмейді. Бірақ 20 минут өткен соң қыздың өзі шақырған полицейлер келіп, оның мәйітін тапқан", – деп жазды журналист.

Кейін жанжал кезінде ер адам Айнагүлді арыққа итеріп жібергені анықталды. Бойжеткен бас сүйек жарақатынан көз жұмды. 

Уақыт өте іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Абайсызда кісі өлтіру" бабына өзгеріп, ер адам 2,5 жылға сотталды. 

Талқылау