Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Науқас қарияға құрмет көрсеткен Димаш елдің жүрегін елжіретті (видео)

Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет! Бұл қазақ халқының ежелден келе жатқан ұстанымы. Жасы үлкенге құрметсіздік танытқан адам қай кезде де сын садағына іліккен. Мәселен, қарияға сөз қайтарып, оны концертінен қуып шыққан Төреғалидің әрекеті жұрттың ашуын келтірді. Төреш ерсі қылығымен жұрттың жағасын ұстатқан шақта Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайберген жақсы жақтарынан көрінуде, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Қайрат Нұртас аса ауыр дертке шалдыққан тыңдарманының арманын орындады. Мұны естіген тыңдармандар әншінің қарапайымдылығына тәнті болды. 10 жыл ішінде басына небір қиыншылық түссе де, ешкімді жағасынан алмаған Қайратқа халқы дән риза.

Ал ата-әженің тәрбиесін көрген Димашқа деген елдің ықыласы ерекше. Күні кеше желіде аяғы ауыратын қарияға құрмет көрсеткен әншінің видеосы пайда болды.

Димаш көп тыңдарманының арасынан аяғы ауырса да, қолтаңба күтіп тұрған қарияны байқаған-ды. Артынша қағаз бен қалам сұрап, қарт әжейдің тілегін орындаған Димаш көптің жүрегін елжіретті.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Жыл шағаласы кім: Нұртас Адамбай 2017 жылдың қорытындысын жасады

Тұрсын Алагөзов: Баянға үйленген соң Мейрамбекті тыңдайтын болдым

Әнші Бүркіт қайраткер атанғанын дүркіретіп атап өтті (фото)

Қайрат Нұртас сал ауруына шалдыққан бүлдіршіннің арманын орындады (фото)

Төреғалидың әкесі журналисті балағаттап, камерасын сындыра жаздады

Талқылау