Тұрсын Алагөзов: Баянға үйленген соң Мейрамбекті тыңдайтын болдым

Жаңа әйел алсаң, өміріңмен қоса талғамың да өзгереді! Жуырда ғана Баян Мақсатқызымен отау құрған Тұрсынғали Алагөзовтің пікірі осындай. Кәсіпкер екінші рет отағасы атанған соң өмірінің күрт өзгергенін айтады. Тіпті, шоу-бизнестегі ең танымал продюсердің күйеуі атанған Тұрсынғали қазақы ортаға жақын бола бастағандай, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Бұлай деуімізге себеп те жоқ емес. Кәсіпкер бұрын қазақ эстрадасын мүлдем тыңдамаған деседі. Тіпті, бүкіл қазақ халқы сүйіп тыңдайтын Мейрамбекті танымаған ол бүгінде Бесбаевтың адал жанкүйеріне айналған. Бұл туралы Алагөзов инста-парақшасында жазды.

“Бұрын Борис Гребинщиковты тыңдайтынмын, ал бұдан былай Мейрамбек Бесбаевтың жанкүйерімін. Жаңа әйел алған соң талғамың да өзгереді екен. Танысқаныма қуаныштымын”, – деп бөлісті Алагөзов.

Айтпақшы, Баян Мақсатқызымен танысқанда Тұрсын Алагөзов оның елімізге атақты продюсер екенін білмепті. Бұл туралы Баян Алагөзова автобиографиялық кітабында баяндаған болатын.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Құралай Нұрқаділова әкесі Заманбекке арнап киім топтамасын шығарды (видео)

Қайрат Нұртас сал ауруына шалдыққан бүлдіршіннің арманын орындады (фото)

Төреғали Төреәлі Үсеновтің өнердегі көшірмесі деген атақ алды

Баян Алагөзова 16 жастағы қызына жыныстық тәрбие бергені үшін сын астында қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар